Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Білім беру саласындағы 2015 жылғы жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар туралы

Облыстың білім беру саласында «Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл бойына жұмыстар жүргізілді.
Басқарма және ведомстволық бағыныстағы мекеме басшылары мен қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында құқықтық оқыту семинар-жиналыстары өткізілді.
Онда «Жемқорлықтың салдары», «Жемқорлықтың шығу және даму тарихы», «Жемқорлық туралы түсінік және оның түрлері», «Жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдары», «Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы күресудің белсенді бағыттары» тақырыптарында дәрістер оқылып, заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлық, оның мағынасы және онымен күресу жолдарына кеңінен тоқталып, өзара пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні Басқармада баршаға көрінетін жерде орналастырылған. Басқарма қызметкерлерінің тарапынан Ар-намыс кодексін бұзу фактілері болған жоқ.
Аппарат қызметкерлерінің арнайы тексеруден өткен анықтамалары уақытылы, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен белгіленген нысан бойынша жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларациялары жылма-жыл тапсырылып тұрады.
Конкурс, аттестация, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс өтілін анықтайтын комиссиялар жұмыс жасайды.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарының орындалысына бақылау жасалуда.
2015 жылдың 11 айында 157 арыз түсіп, сәйкесінше қаралды. (Арыздардың көпшілігі - оқу ақысы, лагерьге жолдама, педагогтардың біліктілік санаты, жұмысқа орналасу, балабақша кезектілігі туралы).
Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен оның қаралуы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына тоқсан сайын және жарты жылдық, жылдық есептер тапсырылады.
Атырау облысы Білім беру басқармасында, қалалық, аудандық білім бөлімдерінде, басқармаға қарасты оқу орындарының ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына, ұсыныстарға арналған пошта жәшіктері оңтайлы жұмыс жасайды, он күн сайын қорытындыланып отырады.
Атырау облыстық білім беру басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 35-43-27 сенім телефоны орнатылған. Телефон басқарманың www.atyrau.gov.kz веб-сайтына, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері беттерінде жарияланып тұрады.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 10) тармақшасы бойынша Құрманғазы ауданының білім беру саласында 9 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жасалған. Құқық бұзушылықты жасаған 7 мектеп директоры мен 2 директордың орынбасары болып отыр. Құқық бұзушылық анықтаған Құрманғазы ауданының прокуратурасы.
Қазіргі күні оларға қатысты шаралар алынып, қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
Білім мекемелерінде анықталған заң бұзушылықтардың негізгі бөлігін еңбекақыны есептеудегі қателіктер, дебиторлық бережақтарды уақытында белгіленген тәртіппен бюджетке аудармау, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын бұзу және бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін сақтамау фактілері құрайды.
Аталған кемшіліктердің орын алуының басты себебі - білім беру ұйымы басшыларының құқықтық сауаттылығының әлі де болса төмендігі және өзіне сеніп тапсырылған іске жауапкершілігінің аздығынан болуда.
Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрығымен жыл сайын оқушылар арасында мектеп бітіру кештері және тағы да басқа мерекелік шараларды арнайы көңіл көтеретін мекемелерге өткізуге, білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге, мектеп бітіру кеші мен мектепішілік әртүрлі шараларды өткізуге, т.б. мақсаттарда ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы тапсырма берілді.
Барлық облыстық білім беру бөлімдері мен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарлары жасақталған, ақша жинау және сыйлықтар алу фактілерін болдырмауды қадағалайтын комиссиялар құрылған.
Мектеп қажеттілігіне ақша жинау жөніндегі басқармаға тіркелген фактілер, арыз-шағымдар 2015 жылы болған жоқ. Бұл бағытта мектеп педагогикалық ұжымдарында және ата-аналар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Облыстық теледидарда «Әлеумет» бағдарламасында мектептерде ақша жинауға тыйым салынғандығы, облыстық білім беру басқармасының бірнеше сенім телефондары қойылғандығы жөнінде айтылды.
Аталған кемшіліктерді алға қарай болдырмау мақсатында Білім беру басқармасы 2015 жылы төмендегідей жұмыстар жүргізді:
- 2015-2016 оқу жылының қараша айында Атырау облысы Білім беру басқармасының кезекті алқа мәжілісінде «Облыс әкімиятының 2011 жылғы 1 шілдедегі №193 «Атырау облысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды;
- Басқарма жанынан құрамы 7 адамнан тұратын әдістемелік топ құрылып, облыстық ұйымдардың есеп қызметкерлеріне көмек көрсетілді;
- білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері облыстық әкімдігінің 29 (жиырма тоғыз) қаулыларымен қабылданды.
Жоспарларға сәйкес аудандық білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері жасақталып, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында қорғаншы және қамқоршы органы ретінде аудандық білім бөліміне түскен (анықтамалар беру, балабақша кезегіне қою т.б.) өтініштер аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеліп, (Е-акимат) бағдарламасымен электронды қызмет көрсетілуде.
Жалпы осы мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасы басшысының жанындағы кеңестің 5 отырысы өткізіліп, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өз лауазымдық өкілеттіктерін бұлжытпай орындап, заң бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сай осы жылдың аяғына дейін білім беруді басқару органының келісімінсіз қабылданған бас есепшілерді анықтау және оларды тағайындауға келісім беру жұмыстары жүргізіледі. Бұл білім беру ұйымдарындағы бас есепшілердің сапалық құрамы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Білім беру ұйымдары басшыларын заңға сай 5 жылда - бір рет конкурс арқылы тағайындау, 3 жылда - бір рет аттестациялау және білім саласының қызметкерлерін конкурс арқылы жұмысқа қабылдау жүзеге асырылады.
2015 жылдың қараша айында «Білім биігіне қол артқан Атырау» атты «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газетіне басқарма басшысы Н.Сайлауованың сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында өңірдегі білім саласында жетістіктер мен кемшіліктер, білім ошақтарындағы білім беру сапасы, өңірде білікті ұстаздар жеткілікті ме, елімізде ерте жастан кәсіби бейімдеу, ҰБТ-ның көрсеткіштері, суицид оқиғасы туралы мәселелер қозғалды.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:11