Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары саласында жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жасалған жұмыстары туралы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс – әрекет жасалған жағдайда қандай іс – қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 жылдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс – шаралар жоспары жасақталды.

Жұмыс жоспары бойынша жыл ішінде сыбайластық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу жөнінде жиналыстар өткізілді.

Бөлімде арыз – шағым жәшігі орнатылған. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздардың уақытылы орындалуы қадағаланып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жадынамаларды тарату жұмыстары жүргізілді және жадынамалар, «Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің регламенттері мен стандарттары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бөлімнің көрнекті жеріне ілінді.

«Өзіңнен баста» акциясына байланысты бөлім қызметкерлері жылдық табыстарын, дүние мүліктері жөнінде Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жылына бір рет декларация тапсырып, аудандық «Кең Жылыой» газетіне жыл сайын жариялап отырады.

Есепті кезеңде бөлім қызметкерлері арасында жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталған жоқ.

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтамау фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны орнатылып, аудандық «Кең Жылыой» газетіне берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында «Пара беру бос бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Пара берсең жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар таратылып, баннерлер ілінген.

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 3, нақты жұмыс істейтіндер саны-3, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа

қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

Бөлім бойынша бюджеттік қаржының заң талаптарына сай мақсатты жұмсалуы үнемі бақыланып отырады.

Сонымен қатар, «Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері арасында жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болған емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізілуде, мәселе үнемі бақылауда.

 

«Жылыой ауданы жер қатынастары

бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 26.02.2020 17:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2020 17:36

Қаралым саны: 86