Array Атырау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Атырау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет

Облыстағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына-19 815 адам, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер-1502 адам, 8763-і екінші топтағылар, 6606-ы үшінші топты құраса, 2670-сі мүгедек балалар.

Бүгінгі күні мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту картасы» жасақталып, әлеуметтік қолдау жөніндегі болжамдық іс-шаралар жасақталды.

Жыл басынан бері уәкілетті жұмыспен қамту органдарына хабарласқаны-343 адам, оның ішінде 267 мүгедекке төмендегідей әлеуметтік түрлері көрсетілді:

- тұрақты жұмысқа орналасқаны 71 адам, оның ішінде (квота бойынша)-5;

- қайта даярлау курстарына жіберілгені-2 адам;

- ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 170 адам;

- әлеуметтік жұмыс орнына-14 адам;

- әлеуметтік қорғау шаралары алынуда.

Бүгінгі күні облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және 3 интернат-үйлерi жұмыс iстейдi. Олар: облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат-үйі, Сарайшық жүйке-неврологиялық ауруларға арналған және ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлері.

Бұл мекемелерде 605 адам қызмет алуда.

Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi 8-аумақтық бөлімшелер, 6 селолық, аулдық округтер арқылы жүзеге асырады. Бұл бөлімшелерде 235 әлеуметтік қызметкер, 560 астам мүгедек балаға, 616-мүгедектер мен жалғызiлiктi қарттарға, барлығы 1176 адамға қамқорлық жасалды.


Мақаланың шыққан күні:: 03.09.2016 16:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:54