Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет 09.02.2017

Облыстағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 2017 жылдың 1-ші ақпанына - 19 745 адам, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер-1530 адам, 8678-і екінші топтағылар, 6553-і үшінші топты құраса, 2984-і мүгедек балалар.

Бүгінгі күні мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту картасы» жасақталып, әлеуметтік қолдау жөніндегі болжамдық іс-шаралар жасақталды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанына халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқан мүгедектер - 106 адам, оның ішінде 67 мүгедекке әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді:

- тұрақты жұмысқа орналасқаны 9 адам;

- қайта даярлау курстарына жіберілгені-1 адам;

- ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені - 52 адам;

- жастар тәжірибесіне-1 адам;

Бүгінгі күні облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және 3 әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс iстейдi. Олар: «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бұл мекемелерде 582 адам қызмет алуда.

Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi 8-аумақтық бөлімшелер, 6 селолық, аулдық округтер арқылы жүзеге асырады. Бұл бөлімшелерде 220 әлеуметтік қызметкер, 542 астам мүгедек балаға, 607-мүгедектер мен жалғызiлiктi қарттарға, барлығы 1149 адамға қамқорлық жасалды.


Мақаланың шыққан күні:: 09.02.2017 17:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.02.2017 17:59