Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

1. Анықтаманың жасалған күні, уақыты және орны: 04.09.2019 жыл сағат 11.00 де, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы.

2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2019 жылдың 4 қыркүйек күнгі округ әкімінің №144 өкімі.

4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Салыков Сандибек Аманбаевич- округ әкімі; жұмыс тобының мүшелері Наушабаева Ардак Бигалиевна, Сарбасов Азилхан Кужекенович, Бисембайұлы Тоқтар.

5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Салыков Сандибек Аманбаевич.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

6. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 13 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 5 адам, 1- спорт нұсқаушысы, техникалық қызметкерлер саны 6 - адам жұмыс жасайды.

Округке қарасты «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде штат саны – 24 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші – 1 адам, әдіскер – 0,5 адам, тәрбиешілер –4 адам, саз маманы – 0,5 адам, психолог – 0,5 адам, есепші – 0,5 адам, мейірбике – 0,5адам, техникалық қызметкерлер саны - 18,5 адам жұмыс жасайды.

Жылдын 8 айы ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды. 20.08.2019 жылғы №80 бұйрығымен А.Кажгалиева өз еркімен жұмыстан босатылып,

04.09.2019 жылғы №85 бұйрығымен К.Рыспай медбибі болып жұмысқа қабылданды.

«Қаракөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің штат саны – 112 адам. Мұғалімдер саны-65, техникалық қызметкерлер саны-43 адам жұмыс жасайды.

«Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда мекеме директоры - 1, әдіскер – 1 адам, көркемдік жетекші – 1 адам, техникалық қызметкер саны – 9 адам, есепші – 1 адам, елді мекендер клубының меңгерушілері - 1 адам жұмыс жасайды.

Жылдын 8 айы ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды. 20.06.2019 жылғы №30 бұйрығымен Л.Ақанқызы өз еркімен жұмыстан босатылып, 03.07.2019 жылғы №33 бұйрығымен Г.Закиева әдіскер болып жұмысқа қабылданды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

7. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді.

Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

8. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

10. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.

13. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 8 айы бойынша түрлі мемлекеттік қызметтер оның ішінде «Қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру» бойынша қызметтер көрсетілді.

14. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Округке қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің Заң бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында аппарат қызкерлеріне ескертіліп, округ әкімі тарапынан шығарылатын шешім, өкімдер қызметкерлерге уақыты таныстырылып, үнемі қатаң бақылауда.

Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр.

Ауыл орталығындағы көшелерде барлығы 5 баннер орнатылды («Пара берме, пара алма» тақырыбында Р.Рымбаева бейнелеген және «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз» және т.б тақырапта).

Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған «СALL CENTER-1424» баннері жасақталып Т.Рысқұлов көшесіне орналастырылды және тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы А4 бетшесіне «Парасыз қоғам – Ұлт болашағы», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында» тақырыбында және қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз», «Пара берме, пара алма», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» шығарылып ілінді, брошюралар ауыл тұрғындарының жиналысында таратылды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жұмысының тиімділігін арттыру бойынша барлық мекемелерде шаралар қабылданып, өткізілді. Атап айтқанда жоғары сынып оқушылары арасынан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, оның қызметін ұйымдастыру және жетекшілік ету мектеп тәлімгеріне міндеттеліп, жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Сондай-ақ, мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты ауыспалы бұрышы жасақталды.

Қаракөл орта мектебінде жоғары сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз жарқын болашақ!», «Жемқорлыққа жол жоқ!» 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел, Қаракөл мәдениет үйінде «Жемқорлық қоғамға жат қылық» атты ауызша журнал, «Жемқорлық індет-жою міндет» атты тақырыпта жастар арасында дөңгелек үстел тағы басқа барлығы 14 шара өткізілді.

Жамбыл ауылдық кітапханасында арнайы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа» атты кітап көрмесі жасақталған.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында тұрғындарға және округ әкімі аппаратында ай сайын брифингтер өткізіліп ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің Атырау облысы бойынша департаментімен жасақталған жадынамалар кеңінен таратылуда.

Алға қарайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

15. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 8 айы бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан 11 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 11-де оң шешімін тапты. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 41-4-25 сенім телефоны орнатылған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының басшысы: __________ С.Салыков

«____» ________ 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі: ___________ А.Наушабаева

«____» _________ 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі: ___________ А.Сарбасов

«______» ________ 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі: ___________ Т.Бисембайұлы


Мақаланың шыққан күні: 09.09.2019 16:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2019 16:03

Қаралым саны: 516