Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

"Ғылым қоры" АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға бағытталған байқауға қатысу тәртібін түсіндіру бойынша семинардың өткізілуі туралы

2018 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға бағытталған байқауды өткізу шеңберінде (бұдан әрі - Байқау) «Ғылым қоры» АҚ 2018 жылғы 11 шілдеде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ғалымдар және бизнсе өкілдері үшін Байқауға қатысу тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

2018 жылға Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылғы 18 маусымнан 1 тамызға дейін нақтыланған. Бір жобаны жүзеге асыру үшін грант сомасы 300 млн. теңгеге дейін құрайды.

«Ғылым қоры» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі - ҒҒТҚН) коммерцияландыру бойынша гранттық бағдарламаның операторы болып анықталған.

Бұрын өткізілген Байқаулардың ерекшелігі тек ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдерінің белсенді қатысуы болды, бұл өтінімдерді қарастырған және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру алуға жеңімпазды анықтаған кезде ерекше шарттардың бірі болып табылады. Әлеуетті жеке серіктес ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша жобаны іске асыруға қосымша инвестор ретінде тартылу мүмкін, қосымша қаржыландыру тартумен және (немесе) инновациялық технологияның әлеуетті тұтынушысы ретінде, өндіріске енгізу үшін.

Байланыс тұлға – «Ғылым қоры» АҚ жоба үйлестірушісі Сапарова Шолпан Болатқызы 8 7172 768578, 87772407333, Sh.Saparova@science-fund.kz

Ақпарат «Ғылым қоры» АҚ www.science-fund.kz сайтында орналасқан.


Мақаланың шыққан күні: 16.07.2018 01:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.07.2018 01:24

Қаралым саны: 1435