Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Техникалық реттеу және метрология сұрақтарын түсіндіру бойынша «Атырау Мұнай» ЖШС-нің өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел туралы

Техникалық реттеу және метрология сұрақтарын түсіндіру бойынша «Атырау Мұнай» ЖШС-нің өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел туралы02.02.2018ж. ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология сұрақтарын түсіндіру бойынша «Атырау Мұнай» ЖШС-нің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

«Атырау Мұнай» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданындағы Дороймола кен орнында мұнай өндірумен айналысады.

Департамент басшысы Салтанат Камешева «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторын орындауға жауапты ретінде Техникалық реттеу және метрология комитетімен сәйкестік және тауардың шығарылуы туралы сертификаттарын алуда қаржылық және уақыт шығындарын қысқартуға бағытталған келесі шаралар қабылданғандығын атап өтті.

1. Тауардың шығарылуын анықтау блогы бойынша.

Қазіргі уақытта тауардың шығу тегі сертификатын беруге уәкілетті ұйымды және нақты емес деректерді ұсынатын субъектілерді жауапкершіліктен ажыратуға бағытталған, 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген, тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізіліп жатыр.

2. Экспортталатын тауарларға сәйкестікті растау рәсімін жеңілдету бөлімі бойынша.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, экспорттық рәсімдеу кезінде экспорттаушылардан сәйкестік сертификатын талап ету қарастырылмаған, сәйкестікті растау туралы құжат (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация) ҚР аумағына және ЕЭО кеден аумағына тауарды әкелу (импорттау) кезінде қажет. Алайда, өзге импорттаушы-мемлекеттерде жасалған келісім-шарттарда, жеткізу туралы келісімдерде экспорттау рәсімдерін жасаған кезде экспорттаушылардан сәйкестік сертификатын ұсыну туралы талап көрсетілетіндігі анықталды.

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің 20.11.2017 жылғы «Өнімді экспорттау бойынша кейбір мәселелер туралы» бұйрығы қабылданды, соған сәйкес экспортқа арналған өнім сертификаттаудың жеңілдетілген сызбасы бойынша сынау жүргізілмей (9-сызба кәсіпорынның өзі толтыратын зауыттық сынау хаттамасы, сапа сертификаты және т.б. тұратын экспорттаушылар ұсынған құжаттарды талдау жолымен) сертификаттаудан өтеді, сәйкесінше оны алу уақытын 1 күнге дейін қысқартады және экспорттаушылардың қаржылық шығындарын азайтады.

Бұл ретте, сәйкестікті растау органдары ҚР СТ 3.4-2008 бекітілген сертификат үлгісінің 12 бағанында «ЭКСПОРТТАЛАТЫН» белгісімен сертификат алу мақсатын көрсетеді және мұндай тауар Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарыла алмайды және сатуға жатпайды.

Тауардың шығарылуы туралы сертификаты бойынша мәселелерді талқылау кезінде «Атыраумұнай» ЖШС-нің өкілдері тауардың шығарылуы туралы сертификатын алу бойынша мәселелер туындамайтынын хабарлады.

Сонымен қатар, Департамент басшысы Салтанат Камешева ЕЭК сайтында нормативтік құжаттар бойынша техникалық реттеу бөлімінде қалай жұмыс жасауды көрсетті.

«ҚазСтИн» РМК АФ-ның директоры Надежда Дю қолданылатын нормативтік құжаттарды өзектендіруді жүргізу бойынша ақпарат берді.

Іс-шара соңында «Атыраумұнай» ЖШС-нің өкілдері ұсынылған ақпаратқа алғыстарын білдірді.

О проведении круглого стола с представителями ТОО «Атырау Мунай» по разъяснению вопросов технического регулирования и метрологии


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2018 07:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 11:06

Қаралым саны: 1460