Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жылыой ауданында стандарт талаптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша өткізілген дөңгелек үстел туралы

Атырау облысы Жылыой ауданында стандарт талаптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша өткізілген дөңгелек үстел туралы2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен Атырау облысы Жылыой ауданында ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы.Техникалық шарттар» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану бойынша түсіндірме беру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шара Атырау облысы Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің бас маманы А.Елеусинова мемлекеттік рәміздер бойынша стандарттардың негізгі талаптарын түсіндірді.

Дөңгелек үстел соңында іс-шараны ұйымдастырушы Атырау облысы Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімі ұсынылған ақпаратқа алғысын білдірді.

Атырау облысы Жылыой ауданында стандарт талаптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша өткізілген дөңгелек үстел туралы


Мақаланың шыққан күні: 01.02.2018 04:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 11:20

Қаралым саны: 1191