Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Атырау облысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясында өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмысы туралы

Атырау облысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясында өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмысы туралы2018 жылғы 13 ақпанда Атырау облысында 2018-2019 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ) индикаторлары бойынша жиналыс өтті.

Аталған жиналысты өткізудің мақсаты орталық мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен өңірдің барлық топтағы кәсіпорындарына ДЭФ ЖБИ аясында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысының хаттамасымен 2018-2019 жылдарға арналған ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне ДЭФ ЖБИ-нің 21 индикаторы бекітілген, оның ішінде Техникалық реттеу және метрология комитетіне «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы бекітілген.

Индикатор сауал салу болып табылады және Қазақстанның барлық топтағы кәсіпорындары (шағын, орта және ірі) басшыларына сауалнама негізінде бағаланады.

Жыл сайын, сәуір мамыр айлары аралығында кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізіледі.

Төменде көрсетілген кестеде «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат келтірілген.

«Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы

Қабылданған шаралар:

Жоспарланған шаралар:

«Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша теріс динамика көрінуде, Қазақстан 5 орынға төмендеп, 102 орында.

2015-2017 жылдар ішінде

 

Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес 2568 стандарт бекітілді (2015 жылы - 821, 2016 жылы - 747, 2017 жылы - 1000 стандарт). 2018 жылдың 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының саны 7 796 бірлікті құрады.

Қазақстан Республикасы 200 мемлекетаралық стандарт әзірледі, оны Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес қабылдады (2016 жылы – 68; 2017 жылы – 52).

2017 жылы ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржылық мәселелеріне бойынша шешім қабылдайтын Қазақстан Республикасы 2018-2020 жылдарға арналған ИСО Кеңесіне 20 мүше елдерінің қатарына сайланды.

Қазіргі уақытта жеткізушілердің сапасын жоғарылату мақсатында «Стандарттау туралы» ҚР Заңы жобасы шеңберінде ДСҰ талаптарына халықаралық стандарттарды басымды қолдану шаралары көзделген.

Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық департаменттері инфрақұрылым сапасы құралдарын (техникалық регламенттер, стандарттар, өлшем құралдары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджменті жүйелері) пайдалану арқылы кәсіпорындар үшін нүктелі ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы ескерту-алдын-алу шараларын жүзеге асыру көзделген.

«Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша индикаторларды жақсарту іс-шаралар жоспары шеңберінде мынадай шаралар жүргізу жоспарлануда:

- салалық өнеркәсіп қажеттілігін ескере отырып стандарттарды әзірлеу және қабылдау;

- отандық өндірушілерді ақпараттық қолдау;

- техникалық реттеу және стандарттау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, қабылдау.

 О проведении информационно-разъяснительной работы в рамках Глобального индекса конкурентноспособности Всемирного экономического форума в Атырауской области


Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018 00:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:59

Қаралым саны: 1005