Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Осы талдау Жаңа Қаратон кенті әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №7 өкімімен бекітілген «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен жүргізілді.

Талдаумен өкімде белгіленген аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары тарапынан және Әділет департаменті тарапынан қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған. Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: кент әкімінің өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Аппаратың штат саны – 9 мемлекеттік қызметкер. 2019 жылдың 28 қаңтарында аудандық конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде А.Ж.Коканова 3 ай сынақ мерзімімен бас маман міндетін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданды. 2019 жылдың 6 мамырында арнайы тексеруден оң нәтиже алып бас маман лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың 13 тамызында аудандық конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде А.Ж.Сарсенбаева 3 ай сынақ мерзімімен бас маман-заңгері міндетін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданды. 2019 жылдың 26 қарашасында арнайы тексеруден оң нәтиже алып бас маман-заңгері лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың 3 желтоқсанында кент әкімінің аппаратының бас маманы А.Ж.Коканова өз еркімен жұмыстан босатылды.

         Құқықтық статистика органдарының деректеріне сәйкес есепті кезеңде Аппарат қызметінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртәптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзып тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар фактілері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Есепті кезеңде аппарат қызметкерлері арасында жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталған жоқ.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады.

«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №210 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіліп келеді. Аталған қызмет «INDIGO» - бүкіл мектепке дейін білім беру ортасының жұмысын қамтамасыз ету үшін кешенді ERP-жүйесі арқылы автоматты түрде көрсетілуде. 2019 жылы автоматты түрде көрсетілген қызметтер саны - 242. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Тұрғындарға кент әкімі аппаратының ғимаратындағы электрондық үкімет «egov.kz» порталы арқылы өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті 519 тұтынушы алды.

Бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша: Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары жоқ.

Жергілікті «Кең Жылой» газетінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты»мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс мақалалар жарияланбаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, көрсету сапасын арттыру мақсатында 2019 жылы кент тұрғындарымен 3 жиналыс,       2 семинар, «Кең Жылой» газетіне 2 мақала, облыс әкімідігінің ресми сайтына   2 мақала, 1 жәрмеңке өткізілді.

Жаңа Қаратон кенті әкіміне 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалардан – 107 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 6 өтініш келіп түсті. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Аппарат бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жаңа Қаратон кенті әкіміне ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.


Мақаланың шыққан күні: 20.01.2020 10:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.01.2020 10:52

Қаралым саны: 280