Array Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.05.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар

Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыбында мақала жарияланып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефондары бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда, үнемі тұрғындарды қабылдау өтеді және түсінік жұмыстар жүргізіледі.

Бөлім бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңы басшылыққа алынып жұмыстар атқарылып келеді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырады.

Бөлім, мемлекеттік қызметтің 4 (төрт) түрін көрсетеді:

1.«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»;

2. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;

3. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»;

4. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

Қызметтердің біреуі «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» тікелей бөлім арқылы көрсетіледі, ал қалған үш мемлекеттік қызметтер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы көрсетіледі.

Алға қарайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар бөлімде жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні:: 14.03.2017 11:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2017 11:32