Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Бөлімнің мекен жайы: 060400 Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі, 25 үй. Тел.факс. 8(71233)2-1447, 2-12-89, электрондық пошта: kurmangazy_zem14@mail.ru . Сенім телефоны: 8(71233)2-14-47.

Бөлім басшысы: Имашев Куаныш Мусаевич.

Қызметкерлер: Бас маман Сахтаганов Сатжан Ахметович.

Инструктор: Мақсотов Ерғазы Мақсотұлы.

Аудандық жер қатынастары бөлімі аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында өткізілетін семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыбында мақала жарияланып келеді.

2016 жылдың 9 айында аудан бойынша «азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қортындылайтын» аудандық комиссия мәжілісінің 15 отырысы өткізілді.

Комиссия қортындысы негізінде 203 өтініш қаралып, оның ішінде 120 жеке тұлға және 57 заңды тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды, 26 өтініш Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бағытында аудандық «Серпер» газетіне ағымдағы жылдың қыркүйек айында мақала жарияланды.

Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №358 қаулысына сәйкес 7 қызмет көрсету стандарты бойынша қызмет көрсетілуде. Мемлекеттік қызмет регламенті Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысымен бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері бөлімде тұрғындарға қолжетімді жерде орналастырылған.

2016 жылдың 9 айында 384 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді Оның ішінде:

1.Жерге орналастыру жобасын бекіту- 275.

2.Жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту-11.

3.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімге рұқсат беру бойынша 43 қызмет көрсетілді.

4.Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

5.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру бойынша 55 қызмет көрсетілді.

6.Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

7.Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

ҚР Жер Кодексіне енгзілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, график жасақталып, ауданға қатысты мекемелерде түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардан сауалдар қойылып, толықтай жауап берілді. Қарсы пікірде сұрақтар болған жоқ.

Бөлім басшысы Қ. Имашев


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:12