Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

Аудан ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолында атқарылған 2019 жылғы жұмыстар

Кез келген өркениетті қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу ең өзекті мәселе болып күн тәртібінде тұр.

Ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспары жасақталды.

Жоспар бойынша, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің құқықты сауатын жетілдіру, әрбір сала бойынша қабылданған заңдылықтарды түсіндіру жұмыстары жыл бойына жүргізілуде.

Бөлімде арыз-шағым жәшігі орнатылған. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарға уақытылы жауап беріліп отырады.

«Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының кестесіне сәйкес қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып отырады.

«Өзіңнен баста» акциясына байланысты бөлім қызметкерлері жылдық табыстарын, дүние мүліктері жөнінде Жылыой ауданы бойынша Меслекеттік кірістер басқармасына жылына бір рет декларация тапсырып, аудандық «Кең Жылыой газетіне жыл сайын жариялап отырады.

Бөлім бойынша бюджеттік қаржының заң талаптарына сай мақсатты жұмсалуы үнемі бақыланып отырады.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері арасында жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болган емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізілуде және мәселе үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні: 11.02.2020 11:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.02.2020 11:36

Қаралым саны: 238