Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С.Сайлауоваға жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев

 

 

 

 

Атырау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «__» __________ №___ қаулысына

қосымша

 

 

Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір

қаулыларының тізбесі

 

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3276 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған).

2. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №68 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 213 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3473 болып тіркелген, 2016 жылы 23 сәуірде «Атырау» газетінде жарияланған).

3. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы №168 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3925 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

4. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №92 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4149 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).


Мақаланың шыққан күні: 20.12.2018 14:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2018 14:55

Қаралым саны: 786