Array Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.05.2017

Қызметтер

Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, VI шақырылған облыстық мәслихат кезекті VIII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы №360-IV «Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2574 тіркелген, 2010 жылы 20 қарашада «Атырау» газетінде жарияланған) шешімі;

2) Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы №63-V «Атырау облысында су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2645 тіркелген, 2012 жылы 13 қарашада «Атырау» газетінде жарияланған) шешімі;

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы А.Абдолов
Мәслихат хатшысы С.Лұқпанов


Мақаланың шыққан күні:: 05.01.2017 16:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.01.2017 16:11