Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Ембімұнай» ЖШС және «Ембіведойл» ЖШС кәсіпорындарына бару туралы

«Ембімұнай» ЖШС және «Ембіведойл» ЖШС кәсіпорындарына бару туралы2018 жылғы 19 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК-ның Атырау филиалымен бірлесіп «Ембімұнай» ЖШС және «Ембіведойл» ЖШС экспортқа бағытталған кәсіпорындарына келесідей техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша дөңлелек үстел өткізу үшін барды:

1. Жанармай құю бекеттері мен мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін өлшеу аспаптарымен жабдықтау кезінде Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын сақтау туралы;

2. «Машина және құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР талқылау;

3. «Жарылғыш ортада жұмыс жасауға арналған құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР талқылау;

4. «Артық қысымда жұмыс істейтін құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР талқылау;

5. 2019-2020 жж. арналған мемлекеттік стандарттау бойынша Жоспарға қосу үшін ұлттық стандарттарды жасақтауға ұсыныс-өтінімдер енгізу туралы.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Ембіведьойл» ЖШС-нің өндірістік директоры -Бисенгалиев Т.Д., бас энергетик – Саудабаев С.К., эколог – Аронов А.Ж., «Ембімұнай» ЖШС-нің ЦДН бастығы - Усеев А.Г. қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында қатысушылар қазіргі таңда Атырау өңірінің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындары үшін қолжетімді, техникалық регламенттердің уақытылы жасақталуы туралы пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел барысында сұрақтар болды және оған сауатты жауаптар берілді.

«Ембімұнай» ЖШС және «Ембіведойл» ЖШС кәсіпорындарына бару туралы


Мақаланың шыққан күні: 22.02.2018 00:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:50

Қаралым саны: 1342