Array Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына ағымдағы жылдың 6 айында 54 жеке тұлғалардан және 12 заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздар бойынша есеп беріліп отырады.
Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер «Айқын» бағдарламасына электронды түрде жеке және заңды тұлғалар туралы, яғни келіп түскен өтініштің қысқаша мазмұны, өтініш жазған тұлғаның аты-жөні, тегі т.б мағлұматтар енгізіледі. Бұдан кез-келген тұлға өздерінің жеке сәйкестендіру нөмері бойынша мекемеге жазған өтініштері туралы қандай сатыда қаралып жатқандығы туралы толық ақпарат ала алады. «Айқын» бағдарламасы халыққа да мекемеге де тиімді, қолайлы. Барлық іс құжаттары электронды түрде жүргізілсе, халыққа тиімді болмақ. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығын көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жасалынып жатқан жұмыстың бір түрі.
Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады:
1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешiм қабылдауды негiздей отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы;
4) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығына берілген есеп бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы айтатын болсақ, 66 өтініштің ішінде 12 өтініш қанағаттандырылды, 17 өтінішті қанағаттандырудан бас тартты, 28 өтінішке түсінік берілді, 7 өтінішті қарауды тоқтатылды.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарауда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңын басшылыққа ала отырып, заңның негізгі принциптерін сақтауды, атап айтсақ, заңдылық, өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы, жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының кепiлдiктерi, өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығын сақтағаны жөн.
Аталған басқармаға келіп түскен өтініштер мазмұны әр түрлі, соның ішінде, мысалы: жеке меншігіндегі жер телімі уақытылы игерілмеуіне байланысты, тоқтамға (аресте) салынып қояды. Артынан жер телімі игерілгеннен кейін тоқтамды алып тастау туралы өтініштері түсіп жатады.
Сондай-ақ, кейбір жер учаскелерді сатып-алу шарттарын жасау арқылы, бір-біріне жерді сатуда бір жер учаскесіне 2 тұлғаның иелік етуі кездеседі. Қазіргі таңда көбіне көп түсетін өтініштер түрі - бұл жеке меншіктегі жер учаскесінің аумағына басқа тұлғаның меншіктеніп не артық жер учаскесін басып алуына байланысты заңдылығын тексеріп, шарасын алу туралы өтініштер.
Кей-кезде Басқарма құзыретіне жатпайтын өтініштер түседі. Тұлғалар өз уақыттарын өздері алып, инспектор қызметкерлерінің ауызша түсіндіргенге қарамастан, толық емес тиісті ақпараты жоқ өтініштер жазады. Аталған заң бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынғандықтан, Басқармаға жазған өтініштерді қабылдауымыз міндетті. Ол артынан ақпараттың толық емес, яғни тексеретін субьекті туралы деректер болмағандықтан, өтініштер қараусыз қалдырылып жатады.
Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Басқарма қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасты нығайта отырып, бекітілген жоспар бойынша аудандарға шығып, тәжірибе алмасу арқылы, аталған заңға енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу шаралары туралы семинар, кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізуде.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады. Сондықтан, әр басшы түскен өтініштерге немқұрайлықпен қарамай, уақытылы жауап берілуі мен сапалы жан-жақты қаралуы талап етіледі. Бұл халықтың өз өтінішін қарау кезіндегі мекемеге деген сенімін арттырады.
Аталған заңды дұрыс қолданып, басшылыққа алып жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын түсіндіріп біріге жұмыс жасауымыз баршаның міндеті.

Ұйымдастыру – қаржы
бөлімінің бас маманы
Г.Есмұханова


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 16:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 16:04