Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

2018 жылғы 28 қазанға шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

 

№3                                                                                                                                               2018 жылғы «27тамыз

 

2018 жылғы 28 қазанға шығып қалған мәслихат депутаттарының

орнына сайлау тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 101-бабының 4-тармағына сәйкес және Атырау облыстық, Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандық мәслихаттарының шешімдері негізінде Атырау облыстық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:

 

1. 2018 жылдың 28 қазанына шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына төмендегі сайлау округтері бойынша сайлау тағайындалсын:

1) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 11 сайлау округі;

2) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 15 сайлау округі;

3) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 21 сайлау округі;

4) Жылыой аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 5 сайлау округі;

5) Жылыой аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 11 сайлау округі;

6) Индер аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 6 сайлау округі;

7) Исатай аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 10 сайлау округі;

8) Құрманғазы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 1 сайлау округі;

9) Құрманғазы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 8 сайлау округі;

10) Құрманғазы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 9 сайлау округі;

11) Қызылқоға аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 6 сайлау округі;

12) Мақат аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 4 сайлау округі;

13) Мақат аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 6 сайлау округі;

14) Мақат аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 12 сайлау округі;

15) Махамбет аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 5 сайлау округі;

16) Махамбет аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 12 сайлау округі.

 

2. «Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына 2018 жылдың 28 қазанына тағайындалған сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары» қосымшаға сай бекітілсін және сайлауға дайындықты қамтамасыз ету және өткізу үшін ол тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

3. Сайлау шараларын өткізудің келесі мерзімдері белгіленсін:

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2018 жылдың 28 тамызында басталады және 28 қыркүйекте аяқталады;

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2018 жылдың 28 тамызында басталады және 2 қазанда аяқталады.

 

4. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы А. Ибрашев

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы В. Кузеняткина


Мақаланың шыққан күні: 28.08.2018 01:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 14:19

Қаралым саны: 1171