Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.10.2020

Қызметтер

2018 жылғы 25 наурызға шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
шешімі

№ 1                                                                                                                                                                                                   22 қаңтар 2018 жыл

 

 

2018 жылғы 25 наурызға шығып қалған мәслихат депутаттарының
орнына сайлау тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық,  қалалық  және Махамбет аудандық мәслихаттарының шешімдері негізінде Атырау облыстық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:

 

1. 2018 жылдың 25 наурызына шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына төмендегі сайлау округтері бойынша сайлау тағайындалсын:

1) Атырау  облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 12 сайлау округі;

2) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі  № 16 сайлау округі;

3) Атырау  облыстық  мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 22 сайлау округі;

4) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі№ 1 сайлау округі;

5) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 13 сайлау округі;

6) Махамбет аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі  № 7 сайлау округі.

 

2. Мәслихаттардың шығып қалған депутатарының орнына «2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары» қосымшаға сай бекітілсін және ол  тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

 

3. Сайлау шараларын өткізудің келесі мерзімдері белгіленсін:

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2018 жылдың 25 қаңтарында басталады және 25 ақпанда аяқталады;

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2018 жылдың 25 қаңтарында басталады және 27 ақпанында аяқталады.

        

4. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы                                  А. Ибрашев

 

Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы                                   В. Кузеняткина

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 14:23

Қаралым саны: 2275