Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Халықтың көші-қон мәселелері туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданып, жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы келіп түскен өтініш басқармамен 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралып, «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» өтініштері қанағаттандырылады.

2018 жылғы 16 сәуірде №147-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) қабылданды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

2019 жылға Атырау облысына 113 отбасы 144 адам этникалық қазақтар көшіп келді. Олардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 92 отбасы 119 адам, Ресей Федерациясынан 3 отбасы 4 адам, Қытай Халық Республикасынан 15 отбасы 18 адам, Түркменстан Республикасынан 2 отбасы 2 адам, Эстония Республикасынан 1 отбасы 1 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.

Олар облыстағы қала, аудандарға орналасты. Атап айтқанда, Атырау қаласына 78 отбасы 104 адам, Жылыой ауданына 31 отбасы 35 адам, Құрманғазы ауданына 3 отбасы 4 адам және Мақат ауданына 1 отбасы, 1 адам орналасты.

Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға 2019 жылы 14 оралман жұмыссыз ретінде тіркелген, олардың 13-і жұмысқа орналасты.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 10:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 14:13

Қаралым саны: 128