Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Халықтың көші-қон мәселелері

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-ө-м бұйрығы «Оралман мәртебесін беру» қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) негізінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі–Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес оралман мәртебесін беру тәртібі бойынша жұмыстар жасалып келеді.

Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданып, жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы келіп түскен өтініш басқармамен 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралып, «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» өтініштері қанағаттандырылады.

2018 жылғы 16 сәуірде №147-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) қабылданды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

2019 жылдың 1 тамызына Атырау облысына 64 отбасы 79 адам этникалық қазақтар көшіп келді. Олардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 54 отбасы 68 адам, Ресей Федерациясынан 1 отбасы 1 адам, Қытай Халық Республикасынан 6 отбасы 7 адам, Түркменстан Республикасынан 2 отбасы 2 адам, Эстония Республикасынан 1 отбасы 1 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.

Олар облыстағы қала, аудандарға орналасты. Атап айтқанда Атырау қаласына 43 отбасы 57 адам, Жылыой ауданына 19 отбасы 20 адам, Құрманғазы ауданына 1 отбасы 1 адам және Мақат ауданына 1 отбасы, 1 адам орналасты.

Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға 2019 жылдың басынан 4 оралман жұмыссыз ретінде хабарласып, тіркелген.


Мақаланың шыққан күні: 12.08.2019 10:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2019 15:34

Қаралым саны: 501