Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Халықтың көші-қон мәселелері 01.05.2018ж

2018 жылғы 16 сәуірде №147-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) қабылданды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқталтылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 мамырына Атырау өңіріне 50 адамнан тұратын 40 отбасы көшіп келіп, оралман мәртебесін беру туралы өтініш берді. Көшіп келген оралмандардың ішінен Өзбекстан Республикасынан 38 адамнан тұратын 29 отбасы, Қытай Халық Республикасынан 9 адамнан тұратын 8 отбасы, Ресей Федерациясынан 3 отбасы 3 адам көшіп келіп, оралман мәртебесін алды.

Олар Атырау қаласына, Жылыой және Мақат аудандарында орналасты.

Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға жыл басынан бері 6 оралман хабарласып, олар әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 16.05.2018 05:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 09:05

Қаралым саны: 1345