Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

«Жасыл экономикаға» көшу барысында Атырау облысы әкімдігі тарапынан атқарылған шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.

«Жасыл экономика» халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелеріне сәйкес табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде айқындалады.

«Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 қаулысы бекітілді.

Атырау облысы әкімдігі тарапынан «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бағатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

«Гринфортис» компаниясының жел электростанциясының құрылысы бойынша облыс әкімдігі және «Гринфортис» компаниясы арасында «Қуаттылығы 50 мВт жел электростанциясының құрылысы» бойынша жер учаскесі бөлініп, жобаны қаржыландыру мәселесі қаралуда.

Сонымен қатар жел электростанциясының құрылысы бойынша «Атырау» ӘКК ҰК» және «Enprode Engineering & Construction» арасында «Karabatan WindFarm» біріккен кәсіпорнын құру жөнінде келісім орнатылды.

Жобаның ТЭН және ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтіп, жұмыс жобасы жасақталуда. Екі жылға зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аумағы 600 га жер учаскесі бөлінді.

КЕГОК РФЦ-мен 15 жылға тарифі 22,68 теңгеге келісімшарт жасақталды.

Қазіргі уақытта германдық банктермен жобаны қаржыланыдру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде қоршаған ортаға әсерді азайтудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру мақсатында жанармайға және энергияның перспективалы түрлеріне көшу жұмыстары жүзеге асуда.

Атырау облысы әкімдігінде 2014 жылдың 28 наурызында мүдделі органдар және кәсіпорындардың қатысуымен «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС-нің қалалардың экологиясын жақсарту мақсатында автокөлікті сығылған табиғи газға көшіру бойынша жиналыс өткізілді.

Сығылған табиғи газ отыны ретінде пайдалану дәстүрлі отын түрлеріне қатысты бірқатар басымдықтарға ие болады. Бұл экологиялық жағынан тұншықтырғыш газдың шығарындыларын 90-97%, көмірқышқыл газын - 25%, азот оксидін - 35-60% азайту, сонымен бірге дәстүрлі отын түрлерімен салыстырғанда құнының төменділігі болып табылады.

Кеңес қорытындысымен қала және аудан әкімдеріне тауарлық және сұйытылған газды пайдалану мүмкіндігін қарастыру және ол бойынша тиісті шаралар алу жөнінде тапсырмалар берілді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста аумағы 10 га Құрманғазы ауданы, Голбин учаскесінде «Ақ Қамыс ЖШС-нің қатты биологиялық отын өндіріс зауыты» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Биоотынды дайындау үшін шикізат ретінде қамыс пайдаланылады. Камыс Құрманғазы ауданының жағалаулық аумағында шабылып, алдын ала ұсақталып, зауытқа жеткізіліп, жинақталып табындалады да

Кейін қамыс өндірістік корпуска кебу және ұсақталуға жеткізіледі. Пресс-грануляторда дайын өнім қалыңдығы – 8, 10 және 12 мм, ұзындығы 2-3 см болып, дайын өнім шығарылатын болады.


Мақаланың шыққан күні: 09.12.2016 18:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.12.2016 18:58

Қаралым саны: 733