Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қабылданған шаралары туралы

Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның құрамында 11 адам. Комиссия отырысы тоқсанына бір рет өткізіліп отырады.

2019 жылдың 12 айында комиссияның 4 отырысы өткізіліп, 10 мәселе (2018ж. -4 отырыс өткізіліп,8 мәселе) қаралды.

Комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары және Мақат ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, келесідей жұмыстар атқарылды:

2 кент, 1 ауылдық округінде және 11 дербес бөлімдерде сенім телефондары, арыз-шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаментінің тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жыл сайын аудан әкімдігіне қарасты мекемелер ішкі талдау жүргізіп отырады.

2019 жылдың 1 жарты жылдығында аудан әкімдігінің 10 дербес бөлімдеріне, 3 кент, ауыл округі аппаратының қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізілді.

2017 жылғы 31 қазанда Мақат ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

2017 жылғы 3 қарашада Мақат ауданы әкімдігі жанындағы әлеуметтік объектілердің құрылыс барысына қоғамдық бақылау жүргізу комиссиясы құрылып, жұмыс жасауда.

Аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кент, ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған 2019 жылға арналған іс-шаралардың медиа жоспары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастар да өз үлесін қосуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 12 іс-шара өткізіліп, 357 жас қамтылды.

Атап айтсақ осы жылдың 1 ақпанында М.Баймұханов орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс» тақырыбында түсінік жұмыстары, 10 сәуір күні Санбаев орта мектебінде аудан жастарының бойында жемқорлыққа жол бермеу түсінігін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасөспірімдердің көзқарасы» атты пікірталас, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында эссе байқауы өткізілді. 1 тамыз күні Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ортақ парызымыз» атты жиналыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта және электронды мемлекеттік қызметтердің қоғамдағы маңыздылығымен тартымдылығын кеңінен насихаттау мақсатында 2 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге салынды.

Мақат кенті үлкен мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жас мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалдық сайыстары өткізілді.

2019 жылдың 12 айында 44 мақала жарияланып, 8 баннерлер ілінді. Аудандағы барлық мекемелердің ғимараттарына, тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты жадынамалар ілініп, тұрғындарға таратылды.

Мақат ауданының барлық білім беру ұйымдарында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара жоспары жасақталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында сурет салудан байқау, барлық білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыпта эссе жазудан байқау, ай сайын сынып жетекшілердің жоспарына сай, әр сынып бойынша «сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?»,«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – маңызды», «Жемқорлықтың зардабы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс» секілді түрлі тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп отырады.

Білім беру ұйымдарында 8 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары бар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері саны - 230, арнайы «парасатты азамат» бұрышы жасақталған.

Білім беру бөліміне қарасты 4 білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектебі» (Х.Санбаев атындағы орта мектебінде, М.Баймұханов атындағы орта мектебінде, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде) ашылды.

Аталмыш мектеп балаларды парасаттылыққа тәрбиелей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамасы болып табылады.

Мақат ауданы бойынша Мақат ауданы әкімдігінің ғимаратында «Мақат–адалдық алаңы» кабинеті ашылып, жадынамалар, баннерлер халық көп шоғырланған жерлерге ілінді.

Барлық білім беру ұйымдарында, мекемелерде «Адалдық сағаты» өткізіліп отырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселеріне мектеп әкімшілігінің кабинеттерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізу барысында ауданның екінші қабатта орналасқан мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерінің кабинеттерін бірінші қабатқа орналастыру жұмыстары (2 қабатта орналасқан 6 мектеп директорының, 1 балабақша меңгерушісінің кабинеті 1 қабатқа көшірілді) жүзеге асырылды.

Аталған бастаманы жүзеге асыра отырып, білім беру ұйымдары басшыларының кабинеттерінің бірінші қабатта орналасуы олардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Биылғы жылы барлық білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында 2018-2019 оқу жылынан бастап Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты 9 мектепте «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылып, жұмыс жасауда.

«Адалдық дүкені» кеңсе тауарларымен жабдықталған, (дәптер, қаламсап, карандаш, желім т.б. ) оқушыға қажетті құралдар сатылады, оқушылар өз еріктерімен ешқандай бақылаусыз керек заттарын алып, тиісті ақшасын кассаға салуға бейімделді.

«Адалдық дүкені» өскелең ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдаумен қатар, адалдыққа тәрбиелеудің бірден-бір құралына айналды.

2019 жылдың 9 айында аудан әкімдігіне 630 өтінімдер келіп түсті. ЭҮП (электронды үкімет порталы) арқылы түскені – 51;

Жеке тұлғалардан түскені –589:

Заңды тұлғалардан түскені – 41.

Оның ішінде:

Арыздар – 585,

Шағымдар – 2;

Өзге де өтініштер – 43.

Барлық қаралғаны – 620, қанағаттандырылғаны – 31, түсінік берілгені – 589.

2019 жылдың 9 айында аудан әкімімен барлығы 15 қабылдау өткізіліп, 170 азамат жеке қабылданды.

Жергілікті атқарушы органдар ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2019 жылы 9 айында жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 14 528 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1244

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 4262

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-1792

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7230, оның ішінде:

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-1596

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5114

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -520.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 1 қоғамдық кеңес, 3 жәрмеңке өткізілді.

Барлығы 260 азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында кеңестер мен ақпараттар беріліп, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен азаматтарға «Электрондық үкімет», «Электрондық цифрлы қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы түсінік берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы барлығы 1030 жадынамалар таратылды.

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Мақат ауданының бөлімшесімен бірігіп 34 жиналыстар өткізіліп, аудандық Мақат тынысы газетіне 44 мақалалар жарияланды.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

Бюджеттің орындалысы:

Бюджеттің 9 айдағы орындалысы: жоспар бойынша 5 040 582,0 мың теңге, орындалысы 5 029 205,0 мың теңге, 99,8 пайыз.

Аудан бойынша кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен 12 кездесу өтіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша көрсетілетін жеңілдіктер мен ұйымдастыру заңдылықтар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 39 жоба мақұлданып 518 млн. 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау берілді. (Бұл көрсеткіш 2018 жылы 33 кәсіпкер жалпы сомасы 334 млн. 500 мың тенге.)

Жалпы алынған қаржылық қолдаулар 4 бағдарлама бойынша жүзеге асты.

1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 7 жобаға 362,4 млн. теңге;

2) "Бизнес аймақ" бағдарламасы бойынша 6 жобаға 32,5 млн. теңге;

3) "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған " бағдарламасы бойынша 24 жобаға 47,6 млн. теңге;

4) "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 2 жобаға 76,0 млн. теңгенің несие қаражаттары алынды.

Оның ішінде, Мақат кентінен үйге және кеңсеге арналған жиһаз өндірісі үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантқа 2 кәсіпкер 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржы алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантқа 8 кәсіпкер (әр қайсысы 252 500 теңге немесе 505 000 ) 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржы алды.

2019 жылдың 9 айында 2 (екі) білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық істер қозғалды.


Мақаланың шыққан күні: 30.12.2019 17:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.12.2019 17:21

Қаралым саны: 193