Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

Жылма-жыл өткізілуі белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы биыл да өткізілмек.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады.

2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

3. «Үздiк ұжымдық шарт»

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»  республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына үміткердің сауалнамасы  

№№

Жалпы ақпарат

1.

Жобаның/кәсіпорынның сипаттамасы:

  • Заңды (жеке) тұлғаның аталуы;
  • Кәсіпорының жұмысы туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)

 

 

 

 

 

 

 

2.

Кәсіпорынның жұмысы туралы БАҚ пікірлері

 

3.

Қосымша: СД дискідегі қол қойылған фотосуреттер

 

4.

Міндетті шарттар:

- жалақы мен қызметкерлерге берілетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болмауы;

  - барлық деңгейдегі бюджеттерге ағымдағы төлемдер бойынша берешектің болмауы;

    - ұйым тарату немесе банкрот болуы сатысында болмауы тиіс.  

 

 

5.

 Ірі кәсіпкерлік субъектісі –  ұйымда  250-ден астам адам жұмыс істейді

Орта кәсіпкерлік субъектісі –  ұйымда  250-ге дейінгі адам жұмыс істейді

 Шағын кәсіпкерлік субъектісі –  ұйымда  100-дейінгі адам жұмыс істейді (қажеттісінің асты сызылсын)

 

Назар аударыңыз: сұрақтаманы баспа жазу үлгісінде толтыру қажет!

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»  республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына үміткердің сұрақтамасы (жалғасы)

№№

Параметрлері

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштер

1.

Ұжымдық шарттың болуы

иә/жоқ

 

2.

Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және (немесе) парниктік газдардың жұтылуын ұлғайтуға бағытталған іс-шаралардың (бағдарламалар, жобалар) болуы

иә/жоқ

 

3.

«Экологиялық менеджмент жүйелері. Міндеттер және қолдану жөніндегі басшылық ИСО/МЭК 14001-2006 ҚР СТ ұлттық стандартын ендіру және талаптарға сәйкестікке сертификаттау»*

иә/жоқ

 

4.

Өңірде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумның болуы

иә/жоқ

 

5.

Жылдық жиынтық табыстан қоршаған ортаны қорғауға шығындардың үлесі

%

 

6.

Газды және суды тазалайтын қондырғыларды салу, ұстау, қайта құру және жаңғыртуға шығындар *

млн. теңге

 

7.

Бірнеше рет қайта пайдаланылған судың үлесі *

%

 

8.

Кәсіпорынның көркейту және көгалдандыруға (облысты, қаланы, ауданды) шығындары

млн. теңге/мың теңге

 

9.

Биологиялық саналуандықты  сақтау және ЕҚТА саласындағы қызметті жүзеге асыру

иә/жоқ

 

10.

Кәсіпорынның биологиялық саналуандықты  дамыту сақтау, жасау мен ЕҚТА қолдауға шығындары

млн. теңге/мың теңге

 

11.

Қалдықсыз технологияларды енгізу

иә/жоқ

 

12.

Қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға қатысты тәуекелдерді басқару әдістерін енгізу

иә/жоқ

 

13.

Қалдықтардың пайда болу көлемін немесе/және олардың қайталама материалдар және энергетикалық ресурстар ретінде пайдаланылуын азайту

%

 

14.

Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін жаңа жабдықты ендіру

иә/жоқ

 

15.

ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандартын ендіру (аккредиттелген экологиялық зертханалардың болуы) *

иә/жоқ

 

16.

Қоршаған ортаға эмиссиялар көлемінің шегінен шығу фактілерінің саны

дана

 

17.

Өндіріс тиімділігін және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау үшін қоршаған ортаға эмиссиялар көлемінің өндірілген өнімнің санына қатынасы (өткен жылға қарағанда)

азаюы/артуы

 

 

18.

ИСО 5001-2011 энергетиткалық менеджментінің стандартын ендіру*

иә/жоқ

 

19.

Қоршаған ортаны қорғау жөнінде насихаттау, оқыту шығындары

мың теңге

 

20.

Энергетика саласындағы таза технологияларды енгізу

иә/жоқ

 

21.

Экологиялық таза су үнемдеу технологияларын енгізу

иә/жоқ

 

22.

Ағымдағы жылда отырызылған ағаштар саны

дана

 

23

Ласттағыш заттар көлемі мен пайда болуын азайтуға бағытталған қазіргі заманғы өндірістің жаңа технологияларын енгізу

иә/жоқ

 

24

Көздердегі ластаушы заттар шығарындыларына және тұрғын санитариялық-қорғаныш аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сапасына автоматты мониторинг жүйесін енгізу*

иә/жоқ

 

25

Санкцияланған(стихиялық) үйінділерін және тарихи ластаушыларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу, олардың ары қарай пайда болуын болдырмау*

иә/жоқ

 

26

Озон қауіпсіз заттарды пайдалану жолымен, озон бұзатын заттарды пайдалануды төмендету іс-шаралардың болуы

иә/жоқ

 

* - тек ірі бизнес үшін.

Конкурсқа қатысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ, құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:

жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

жыл сайын 1 қазанға дейін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада жолдайды;

желтоқсан — қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

Конкурсқа қатысу үшін үмiткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, онда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;

2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;

Үмiткердiң есебiнде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы;

өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.

Облыстың кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар,қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосасыз.

Толық мәлімет пен кеңес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, №204 кабинет, тел.: 8 (7122)328779, басқарма веб-сайтында atyrau.gov.kz немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тел.: 8 (7172) 74-35-11 алуыңызға болады.


Мақаланың шыққан күні: 26.07.2017 02:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.11.2019 09:15

Қаралым саны: 1472