Array «2020 жылдарға дейін Өңірлерді дамыту» бағдармасының іске асырылу туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

Қызметтер

«2020 жылдарға дейін Өңірлерді дамыту» бағдармасының іске асырылу туралы

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдармасы шеңберінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 925 млн.теңге бөлініп, 2011-2014 жылдарда Атырау қаласында 65 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді, соның ішінде:

2011 жылы 17 көппәтерлі тұрғын үй;
2012 жылы 28 көппәтерлі тұрғын үй;
2014 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді.
Сонымен қатар, 2014 жылы тұрғындардың қайтарылған қаражатына 2 үй жөнделді.
Казіргі таңда, жөнделген үйлердің тұрғындарымен қаражат қайтарылуда. Ағымдағы жылғы 1 мамырына қаражаттың қайтарылуы 46 пайызды құрайды.
Тұрғын үйлердің қасбеті, кіре берістері, жер төлелер жөнделді, жұмсақ шатырлар темірчерепицаға, инженерлік жүйелері: жылу, салқын, ыстық су және кәріз құбырлары, электр щиттары, электрсымдары және ағаш терезелер пластикалық терезелерге ауыстырылды, қозғалыс датчигі арқылы жарық беру қондырғылар, домофонымен темір есіктер, 45 үйге жалпыүйлік жылу есептегіш құралдары орнатылды, Алмагүл ықшам ауданында 8 үйдің лифтілері ауыстырылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу тұрғын үй қорының жағдайын, пәтер иелерінің тұрмысын, инженерлік инфрақұрылымның техникалық жағдайын жақсартады сонымен бірге кондоминиум нысандарының сәулет келбеті өзгертілді.
2015 жылы 6 үй жөндеу жоспарланды. Бүгінгі күні, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат қала әкімдігінің шотына аударылды. Сонымен қатар, мердігер мекемелермен жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасақталуда.

 


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 12:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 12:53