Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына төмендегідей өзгерістер енгізілді:

· көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен отбасының әрбір мүшесіне белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептеледі;

· еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы көмек тағайындалмайды;

· бала күтімінде отыру мерзімі жеті жастан үш жасқа дейін қысқартылды;

· көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Атырау облысы бойынша 2020 жылдың І тоқсанына кедейлік шегінің мөлшері 20 931 теңгені құрайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Атырау қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек барлығы 3394 отбасының 18 646 алушысына 1 661 965,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында (Атырау қаласы, Владимирский көшесі 23 «Б» үй), ал, ауылдық жерлерде ауылдық округ әкімдіктерінде қабылданады.

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидасы» бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығы.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы 15-қосымша "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020 17:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 17:49

Қаралым саны: 176