Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Техникалық реттеу және метрология комитетінің техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және аккредиттеу саласындағы соңғы 3 жылдағы жетістіктері туралы

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ САЛАСЫНДА

ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу (бұдан әрі - ЕАЭО ТР) ЕАЭО ТР әзірлеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕАЭО-дың 46 ТР қабылданды, 37 күшіне енді.

ТР-ны қабылдау кезінде салалық мемлекеттік органдармен (ӘМ, СҚ, ТЖ және т.б.) бірлесе отырып, Қазақстан аумағына оларды «ауыртпалықсыз» енгізу және өндірушілердің қолдануы бойынша кешенді жұмыс жүргізіледі.

Қолдану практикасын ескере отырып, ЕАЭО туралы шарттың ережелерін жетілдіру, сәйкестікті бағалаудың үлгісін схемаларын, импорттау тәртібін, мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимыл механизмдерін қайта қарау бойынша жұмыс басталған.

Бүгінгі таңда, Бірыңғай аккредиттеу субъектілерінің тізілімін және берілген құжаттардың сәйкестігін растау ЕАЭО аясында қайта қаралған.

Тізілімде осы өнім шығарылатын өнімдер мен нормативтік құжаттар туралы толық ақпараттың болуына қатысты бөлігінде толық баяндалады егжей-тегжей ашылған.

2015-2017 жылдар ішінде Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес 2568 стандарт бекітілді (2015 жылы - 821, 2016 жылы - 747, 2017 жылы - 1000 стандарт). 2018 жылдың 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының саны 7 796 бірлікті құрады.

Қазақстан Республикасы 200 мемлекетаралық стандарт әзірледі, оны Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес қабылдады (2016 жылы – 68; 2017 жылы – 52).

Ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің прогрессивті ұлттық стандарттар жүйесімен үйлестіру мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Комитет атынан Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO), Халықаралық электртехникалық комиссияның (IEC), Стандарттау бойынша өңіраралық қауымдастықтың (МАС) мүшесі және Еуропа стандарттау комитеті (СЕН) мен Еуропа стандарттау бойынша электртехникалық комитеттің (СЕНЭЛЕК) серіктес-органы болып табылады. 2015-2017 жылдары стандарттарды тарату, жаңғырту мен сатуға халықаралық, өңірлік ұйымдармен және шетелдердің стандарттау бойынша ұйымдарымен 8 келісім жасады.

2017 жылы ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржылық мәселелеріне бойынша шешім қабылдайтын Қазақстан Республикасы 2018-2020 жылдарға арналған ИСО Кеңесіне 20 мүше елдерінің қатарына сайланды.

ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА

Бүгінгі таңда ұлттық эталондық база құрамында 101 мемлекеттік эталонды қамтиды. Қазақстан орталық азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып, 63 өлшеу деректерді халықаралық стандарттарға (массасы,

қаттылығы, ауа температурасы, уақыты және жиілігі, ұзындығы, рН өлшеу) сәйкестігін дәлелдеді, бұл қазақстандық өлшеу нәтижелері және оларды қамтамасыз ету қадағалануын халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні барлығы қолда бар 6-өлшем түрлерінен (ұзындығы, массасы, уақыты және жиілігі, термометрия, химия, электр және магнетизм) 63 СМС-жол жарияланды, бұл ұлттық эталондардың халықаралық эталондарға 75% деңгейде эквиваленттілігін орындауды растайды.

АККРЕДИТАЦИЯ САЛАСЫНДА

Бүгінгі күні Тізілімінің ұлттық бөлігінде 1 488 аккредиттеу субъектісі бар, оның ішінде: 878 сынақ зертханалары, 469 калибрлеу және калибрлеу зертханалары, сәйкестікті бағалау жөніндегі 144 орган және 7 біліктілік провайдерлер.

Бірыңғай тізілімінде ЕАЭО – 389 аккредиттеу субъекті (86 сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және 303 сынақ зертхана).

Қазақстан Республикасы келесі келісімшартқа қол қойған:

- менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша органдарды аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көпжақты тану туралы келісім.

- APLAC MRA Кеңесінің отырысы барысында саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау, отандық өнімді шетелге алға жылжытуға ықпал ету, сәйкестікті бағалау бойынша рәсімдер өткізген кезде қосымша шығындарды азайту және ILAC зертханаларын аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымдарға мүшелікті қолдау мақсатындаөзара тану туралы келісім.

- менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша органдарды және персоналды сертификаттау бойынша органдарды аккредиттеу жөніндегі PAC MLA өзара тану туралы келісім.

IAF MLA бірлескен белгіні пайдалану құқығын 55 сәйкестікті растау органы алды.


Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018 01:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:55

Қаралым саны: 941