Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»

О безопасности оборудования для детских игровых площадок2018 жылдың 25 тамызында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде, аттракциондар мен балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі бойынша кездесуі өтті. Кездесуде Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Давлетов Руслан және «КазИнСт» РМК АФ директоры Надежда Дю қатысты.

Департамент басшысы Салтанат Камешева ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарымен таныстырды, техникалық регламентінің талаптарын сақтау - аттракцион иелерінің күнделікті аттракциондардың техникалық жағдайын тексеру қажеттілігін, оны жұмыс журналында көрсету, тек қана майлап, түзеп қою ғана емес, реттеу және мамандандырылған дефектоскопиялық тексеру жүргізу, сонымен қатар үнемі алдын - алу шараларын жүргізуді қамтиды.

Кездесуде «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» және «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭС техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндіру мақсатында осы жылдың қыркүйек айында дөңгелек үстел өткізу туралы, сонымен қатар, Атырау облысының кәсіпкерлері үшін метрология саласындағы заңдарға сәйкес азық-түлік сауда орындарындағы таразыларға қатысты метрологиялық қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.


Мақаланың шыққан күні: 28.08.2018 09:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 22:02

Қаралым саны: 1128