Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы

Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы 28 қараша - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында АПЕК Жоғары колледжі базасында «Ұланымыз Ұлы елдің» атты VI облыстық форумы өтті.

Форумға Атырау облысының 7 ауданы, Атырау қаласы және облыстық білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық жасұландықтар мен тәлімгерлер және аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері қатысты.

Форумның бірінші бөлімі - «Ұланымыз Ұлы Елдің» салтанатты лездемесінде Атырау қаласы №11 мектептің бастауыш сыныптарынан 50 оқушысы - «Жас Қыран», орта буын сыныптарынан 50 оқушы «Жас Ұлан» қатарын толықтырды. «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Ұйым Ережесі негізінде қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа ерікті мүшелерді салтанатты түрде қабылдау рәсімін Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Дүйсекенова Злиха Қадырбайқызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілі Құттымұратова Ақиіс Паһаманқызы, «Елсана» руханият клубының мүшесі, ардагер ұстаз Сапанов Серік Жұбанұлы, шығыс жекпе-жек өнері, муайтайдан Әлем, Еуропа ойындары күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Қабдоллаев Аман, «Шабыт» халықаралық фестивалінің бас жүлдегері, республикалық мүшәйралардың жүлдегері Даулетбаева Әлия Бекежанқызы, «Каспий Лана Атырау» ЖШС-нің директоры Есмаканова Назгүл Балапанқызы, Атырау қалалық Ішкі істер Департаментінің бөлім басшысы Көшқалиева Орынгүл, Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинет басшысы Қабекенов Ғабит Уапұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Хайыржанова Бибігүл жүргізді.

Салтанатты лездеменің екінші бөлімінде «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің 7 бағытына сәйкес «Отан» - «Жас патриот», «Руханият» - «Жас дарын», «Жеті жарғы» - «Бала би», «Экоәлем» - «Жас эколог», «Салауат» - «Жас толағай», «Зерде» - «Жас зерттеуші», «Еңбек» - «Жас қанат» 7 негізгі және «Үздік мектеп ұйымы», «Үздік Ұланбасы», «Үздік атқарушы хатшы», «Үздік тәлімгер» (барлығы 10 адам) номинациялары бойынша «Мәңгілік Ел ұландары» жыл жүлдесі табысталды.

«Зерде» бағытының «Жас зерттеуші» номинациясын - Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Меңдіғалиев, «Руханият» бағытының «Жас дарын» номинациясын - Мақат ауданы, М.Баймұқанов орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айбат Теміржан, «Отан» бағытының «Жас патриот» номинациясын - Мақат ауданы Л.Шахатов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Лаура Латипова, «Салауат» бағытының «Жастолағай» номинациясын - Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, № 3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қайсар Табылды, «Экоәлем» бағытының «Жас эколог» номинациясын - Исатай ауданы, Жанбай ауылы, Х.Нәубетов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Шұғыла Біржанова, «Жеті жарғы» бағытының «Бала би» номинациясын - Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 10-сынып оқушысы Камилла Кенжетай, «Еңбек» бағытының «Жас қанат» номинациясын - Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Камшат Ғұбайдуллина; Ұйым жұмысын аудан, қала, мектеп шеңберінде үйлестіретін Ұланбасыларына арналған «Үздік Ұланбасы» номинациясын - Исатай ауданы, Х.Нәубетов атындағы орта мектеп Ұланбасы Қадыржан Сапаров, «Үздік тәлімгер» номинациясының иегері - Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы, №17 орта мектептің тәлімгері А.Қамитова, «Үздік атқарушы хатшы» жүлдесін Махамбет аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері, аудандық атқарушы хатшы Индира Алмурзина, «Үздік мектеп ұйымы» номинациясы мектеп комитеті ережесі мен ұйым ережесіне сәйкес 7 бағыт бойынша үздік жұмыс жүргізген Исатай ауданы, Х.Нәубетов атындағы мектептің бастауыш ұйымына табысталды.

Форумның екінші бөлімінде «Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы балалар ұйымының маңызы» тақырыбымен пленарлық кеңес өткізілді.

Кеңесте тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Серік Жұбанұлы мен Бибігүл Хайыржановқызы көшбасшылардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс мектептерінде жүзеге асырылып жатырған үздік жобаларына өз бағаларын беріп, осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға, жоспарлауға бағыт-бағдар берді.

Кеңесте «Жас Ұлан» бастауыш ұйымдары қызметін ұйымдастырудың оқушыларға әсері, ұлттық мұраларды қастерлеу, т.б. туралы тақырыптарда баяндамалар жасалып, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

2017 жылы жүзеге асырылған іс-шараларды қорытындылай келе, ұйым көшбасшылары Атырау облысы аумағындағы барша орта оқу орындарында «Жас Ұлан» мектеп бастауыш ұйымының өзін-өзі басқару құрылымы мен қызметін жүргізуде ұйымның негізгі Ережесі, «Мектеп комитеті», «Ұланбасы сайлауын өткізу» ережелері негізге алуға, «Жас Ұлан» ұйымының «Зерде», «Руханият», «Экоәлем», «Салауат», «Отан», «Жеті жарғы» және «Еңбек» бағыттары бойынша кешенді жобалар құру, жас ерекшеліктеріне қарай іс-шараларды ұйымдастыру және оған барша жасұландықтарды жұмылдыру арқылы жүзеге асыруға, Атырау өңіріндегі барлық мектептерде ұлттық құндылықтар мен өлке тарихын, өз тұрғылықты жеріндегі ел үшін еңбек еткен, сол өңірден шыққан ұлы тұлғалар өмірін зерттеп, зерделеу шаралары қолға алуға шешім қабылдап, Ұйым Ұланбасыларын, өңірдің барша жасұландарын терең білімге, салауатты өмір салтын ұстануға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын баянды етуде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда белсенді болуға шақырды.

Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы ; Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы Жасұландықтардың «Ұланымыз Ұлы Елдің» VI облыстық Форумы туралы

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2017 06:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2017 06:50

Қаралым саны: 2141