Array 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы негізінде 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы жасақталып, облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №374-IV шешімімен бекітілді.

Бағдарлама негізінен бес бөлімнен тұрады:
1) бағдарлама төлқұжаты; 
2) ағымдағы жағдайды талдау;
3) өңірдің дамуын пайымдау;
4) негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері; 
5) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
6) қажетті ресурстар;
7) бағдарламаны басқару.

Бағдарламаның төртінші бағыты негізінен бірыңғай көрсеткіштер тізбесінен тұрады.

Бірыңғай көрсеткіштер тізбесінің бағыттары:

1.     ЭКОНОМИКА

Өңірлік экономика.

Экономика бағытының негізгі көрсеткіштері:

-       Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі көрсеткіші 2011 жылы – 103,1%, 2015 жылы – 107,1%.

-       Жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2011 жылы – 3447 млрд. теңге, 2015 жылы – 5408,5 млрд. теңге.

-       Инфляция деңгейі 2011 жылы – 7,1%, 2015 жылы – 6-8% аралығында.

2) Өнеркәсіп.

-       Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі 2011 жылы – 100,7%, 2015 жылы – 105,8%.

-       Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2011 жылы – 98,7%, 2015 жылы – 101,0%.  

-       Химия өнеркәсібіндегі  өнім шығарудың нақты көлем индексі 2011 жылы – 123,3%, 2015 жылы – 116,8% деп жоспарлануда.

3) Агроөнеркәсіп кешені.

-       Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2011 жылы – 111,9%, 2015 жылы – 105,4%.

4) Шағын және орта бизнес, сауда.

-       Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2011 жылы – 100,7%, 2015 жылы – 101,0%.

-       Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2011 жылы – 112,8%, 2015 жылы – 111,0%.

5) Инновациялар мен инвестициялар.

-       Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі 2011 жылы – 92,7%, 2015 жылы – 103,0%.

-       Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер мен т. б.) белсенділік деңгейінің өсімі 2011 жылы – 6,6%, 2015 жылы – 10,0%.

 

 

2.     ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

1) Білім беру.

-       Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту (3-тен 6 жасқа дейін) 2011 жылы – 81,3% 2015 жылы – 84,0%.

-       Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 2011 жылы – 19,0%, 2015 жылы – 24,5%.

2) Денсаулық сақтау.

-       Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 2011 жылы – 82,4%, 2015 жылы – 90,0%.

-       Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы – 69,93 жас, 2015 жылы – 69,0 жас.

3) Халықты әлеуметтік қорғау.

-       Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы – 5,0%, 2015 жылы – 4,6%.

-       Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 2011 жылы – 5,2%, 2015 жылы – 5,0%.

4) Мәдениет және тілдерді дамыту.

-       Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 2011 жылы – 32,0%, 2015 жылы – 58,0%.

-       Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 2011 жылы – 97,7%, 2015 жыл – 95,0%.

5) Дене шынықтыру және спорт, туризм.

-       Жүйелі түрде дене шынықтыруменжәне спортпен шұғылданатын, барлық  жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 2011 жылы – 17,9%, 2015 жылы – 25,0%.

-       Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту 2011 жылы – 11,9%, 2015 жылы – 15,5%.

6) Ішкі саясат.

-       Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру 2011 жылы – 39,0%, 2015 жылы – 55,0%.

7) Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп.

-       Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2011 жылы – 51,0%, 2015 жылы – 51,0%.

-       Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету 2011 жылы – 3,0%, 2015 жылы – 5,0%.

 

3.     ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

1)    Байланыс және коммуникациялар.

-       Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына  қанағаттану деңгейі 2011 жылы – 60,0%, 2015 жылы – 80,0%.

2)    Құрылыс.

-       Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы – 100,4%, 2015 жылы – 102,6%.

-       Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі, жалпы аланның шаршы метр 2011 жылы – 594,6 мың ш.м., 2015 жылы – 558,3 мың ш.м.

3)    Жолдар және көлік.

-       Жүк айналымының көлемі 2011 жылы – 45573,9 млн. ткм, 2015 жылы – 60828,5 млн. ткм.

-       Жолаушылар айналымының көлемі 2011 жылы – 1033,8 млн. пкм, 2015 жылы – 2053,8млн. пкм.

4)    Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық.

-       Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі 2011 жылы – 60,0%, 2015 жылы – 80,0%.

-       Халықтың газбен қамтылуын қамтамасыз ету 2011 жылы – 73,0%, 2015 жылы – 94,0%.

 

4.     АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ, ЭКОЛОГИЯ

-       Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту 2011 жылы – 8 бірлік, 2015 жылы – 11 бірлік.

-       Мемлекеттік орман қоры орман алқаптарының көлемі 2011 жылы – 14,861 мың га, 2015 жылы – 15,000 мың га.

 

5.     МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

-       Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 2011 жылы – 65,0%, 2015 жылы – 80,0%.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 10:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 10:38