Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ИНДЕР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Индер аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев 30/6, 8(71234) 2-10-38, факс 2-10-38.

Индер аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының                   8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады: Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімде көрсетілетін Мемлкеттік қызметтер барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер арқылы іс жүзінде жүзеге асырылады.

Бөлімде көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 4-3/421 Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына», «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығы» негізіндегі нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;

2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;.

5)  Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;

6)  Ветеринариялық анықтама беру;

7) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу

Есепті мерзімде Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміні арқылы барлығы 4171 қызмет көрсетілді.

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» 94 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА) ;

2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» 46 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» 6 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» 36 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА);

5)  Ветеринариялық анықтама беру 3821(ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

6) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу 167 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ)

7) Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 1(ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ) қызмет.

2019 жылдың  қорытындысымен қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-10-38 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында жалпы бөлімде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған және «Денер» газетіне 3 мақалалары жарияланып, 3 дөңгелек үстел өткізілді.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Алға қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар бөлімде жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 12:42

Қаралым саны: 196