Қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды үйлестіру бөлімінің басшысы
Ізбасова
Тұраргүл Абзалқызы
Атырау облысының Атырау қаласында 1964 жылдың 24 қазанда дүниеге келді. Орта мектепті 1973 жылы бітіріп, Гурьев педагогикалық институтының математика және физика факультетіне түсіп, жоғарғы оқу орнын 1987 жылы ойдағыдай тәмамдады.
Еңбек жолын №16 орта мектепте мұғалім болып ұлағатты ұстаздар ортасынан бастап, мектепте өтетін саяси - қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
1992- 1995 жылдары Сауда департаменті экономика және нарықтық қатынастарды орнату бөлімінің еңбек және кадр жұмысы жөніндегі маман қызметін атқарды.
1995- 1999 жылдары Атырау қаласы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, 1999-2001 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас маманы, коллегия хатшысы, 2001-2004 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты жалпы бөлімінің аударма және шешімдер шығару мәселелері жөніндегі бас маманы лауазымдарын атқарған.
2005 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын экономист мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2009 жылы Атырау облысы әкімі аппараты кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2011 жылдың қараша айынан бастап Атырау облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімінің меңгерушісі.
Мемлекеттік қызметтегі еңбегі еленіп, көптеген Алғыс хаттармен, Мақтау грамоталарымен марапатталып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты мерекелік медальмен наградталды.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның мүшесі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік органдар қызметінің |
|||
Тегі, аты-жөні |
Қызметі |
Телефон |
|
Жұмыс |
Ішкі |
||
ІЗБАСОВА Тұраргүл Абзалқызы |
Бөлім басшысы |
270912 |
156 |
АБДРАХМАНОВА Айжан Наурызбайқызы |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын |
273011 |
415 |
ҮМБЕТОВА Венера Орынбасарқызы |
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін |
273011 |
415 |
КАБДОЛОВА Акниет Сериккызы |
Инспектор |
273011 |
415 |