Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 54 қызмет көрсетілді.

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 54 қызмет.

Барлығы қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп көрсетілген қызметтер болған жоқ.

Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

2019 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша жағдай жасалған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді.

Соңымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратында ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 1147 қызмет, 15 түрі бойынша көрсетілді, 197 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алды.

Кесте:

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің ( отбасының) тиесілігі

20

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

56

3

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

316

4

Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама

35

5

Зейнетақы аударымы анықтамасы

70

6

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

5

7

Психоневрология ұйымынан анықтама

76

8

Наркология ұйымынан анықтама

76

9

Туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұрмауы туралы анықтама

12

10

ЭЦҚ алу

197

11

ЭЦҚ мерзімін ұзарту

213

12

Балабақша кезегін қарау

25

13

Балабақшаға жолдама алу

5

14

Салық есептілігін қабылдау (250.00)

16

15

Үшінші тұлғамен анықтама алу

25

Барлығы

1147

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

«Жаңаталап ауылдық округ әкімі

аппараты» ММ

округ әкімі О.Тажбаев


Мақаланың шыққан күні: 25.02.2020 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2020 15:57

Қаралым саны: 91