Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ИНДЕР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Индер аудандық Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 7 қызмет түрі көрсетіледі.

Бөлімде көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 4-3/421 Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына», «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығы» негізіндегі нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады.

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;

2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;.

5)  Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;

6)  Ветеринариялық анықтама беру;

7) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу

Есепті мерзімде Ветеринария бөліміні арқылы барлығы 4 171 қызмет көрсетілді.

Есепті мерзімде Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміні арқылы барлығы 4171 қызмет көрсетілді.

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» 94 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА) ;

2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» 46 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» 6 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» 36 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА);

5)  Ветеринариялық анықтама беру 3821(ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ);

6) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу 167 (ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ)

7) Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 1(ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ) қызмет

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің техинспекция саласы бойынша 2 қызмет электронды, 2 қызмет қағаз жүзінде көрсетілсе, ветеринария саласы бойынша барлығы қағаз түрінде және Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру бланкасы ақылы негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар,Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде ғимаратында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

2019 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында   3 мақала аудандық газетке берілді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 12:42

Қаралым саны: 173