Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша АҚПАРАТ

Аудан бойынша 2017 жылдың 12 айында  55746 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен (қағаз түрінде)  16530;  баламалы түрде 31229; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық бөлімі арқылы 4685; электрондық түрде  («Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы, электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы 3302 қызмет көрсетілген.

 Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша барынша сұранысқа ие төмендегідей мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін  атап өтуге болады. Олар: «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 117 қызмет, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 1130 қызмет (электронды түрде),  «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 218 қызмет (электронды түрде), «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» - 115 қызмет, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» - 265 қызметтер болды.

Ағымдағы жылдың 30 мамыр – 13 маусым аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Т.Жұмағұловтың 2017 жылғы 30 мамырдағы №73 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша мерзімінен кешіктіріліп орындалған 1 құжат анықталып, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы В.Галиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы  8 желтоқсандағы №78 бұйрығына бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының  42 тармағына сәйкес 2017 жылдың жоспар-кестесі бекітіліп, дербес бөлім мен ауылдық округі әкімі аппараттарында  ішкі бақылау іс-шарасы жұмыстары жүргізілді.

Бұйрықтың жылдық жоспар кестесіне сәйкес Орлы, Теңіз, Нұржау, Киров, Ақкөл, Қиғаш, Дыңғызыл, Байда ауылдық округі әкімі аппараттарында және аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемелерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ұсынымдар:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін уақытылы және сапалы орындау;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы алуға болатындығы жөнінде және  сапасын жоғарылату мақсатында аудандық үнжарияда мақалалар жариялау тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3) Округ тұрғындарына электрондық сандық қолтаңба алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу;

4) Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде ауылдық округі әкімі аппараты арқылы алуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

Ішкі тексеріс қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, бақылау нәтижелері туралы 2 данадан акт толтырылды.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес)

Ағымдағы жылдың 12 айында «Серпер» қоғамдық-саяси үнжариясында тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше мақалалар жарық көрді. («Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызсметтер», «18 жасқа дейінгі баласы барларға», «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызсметтер», «Онлайн қолдау қызметі», «Әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызсметтер», «Егін шаруашылығы саласындағы қызметтер», «Жаңа бағдарламаның игілі мол», «Құжат беруде іркіліс жоқ», «Тоқсан жеті жас баспаналы болды», «Сапалы қызмет көрсеткіші», «Мемлекеттік қызмет - спортшыларға», «Жаңа бағдарлама», «МӘМС жүйесі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі», «Веб – порталға тіркеліңіз», «Біріктірілген жәрдемақыдан не күтеміз» т.б жарияланды) (Мақалалар көшірмелері жалғанды)

Аудан тұрғындарына қызметтерді алу барысында  ауылдық округ әкімі аппараттарында  қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен дайындалған «Сіз мемлекеттік қызметтер қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты брошюралар таратылды.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Құрмаңғазы аудандық бөлімінің ғимараттарында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылды.

(2017 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ)

 Құрманғазы ауданы бойынша күні бүгін 3486 адам электрондық сандық қолтаңба алды. Соңымен қатар, 19 ауылдық округ әкімі аппараттары ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында соңғы үлгідегі компьютер, принтерлермен толықтай қамтамасыз етіліп, бірқатар жұмыстар атқаруда. Ағымдағы жылдың  тамыз – желтоқсан айларында ауылдық округ әкімі аппараттары арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы бойынша барлығы 2836 қызмет көрсетілді.

 

Кесте:

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

2115

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

204

3

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру

84

4

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру

39

5

Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру

9

6

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

80

7

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

31

8

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

23

9

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру

8

10

Жұмыссыздар есебінде тіркелуі туралы анықтама беру

1

11

Зейнетақы аударымы анықтамасы

39

12

Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестіле

1

13

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

34

14

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру

7

15

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу

160

16

Дербес несие есебін алу анықтамасы

1

Барлығы

2836

 

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы  мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.  Осы бағытта, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімі болып қайта құрылды.

Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметтің барша азаматтар үшін қолжетімділігі, мерзімінде және сапалы қызмет ұсынумен қатар құжаттарды сөзбұйдылыққа және әбігерлікке салмай рәсімдеу жұмыстарының жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау.

 


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 23:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 23:14

Қаралым саны: 904