Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.09.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2018 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би 77.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Басқарма 9 (тоғыз) қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

Басқармамен 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілген барлығы – 15937.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 270, қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 15667;

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (atyrau.gov.kz) орналастырылды, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жарияланған.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Басқарма басшылығымен Атырау облысы әкімімен бекітілген кестеге сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында ай сайын тұрғындарды қабылдау өткізілді.

Қабылдау кестесі «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланады.

Сонымен қатар, Басқарманың жауапты қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, колледж, облыстық педагогикалық-медициналық-педагогикалық консультациясында, балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы мәселелері жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019 17:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 17:58

Қаралым саны: 1157