Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Заңды тұлғаны тіркеу тәртібі (шетелдік заңды тұлғаның филиалы)

7.1) Қазақстанда өкілдік пен филиалды ашуы

Қазақстанда өкілдікті ашуы. ҚР кәсіпкерлікті тіркеу және оның түрлері.

Қазақстанда бизнесті даму барысында жергілікті кәсіпкерлер, және де  өз елінің шегінен, біздің жағдайда, Қазақстанда, бизнесті ұлғайту барысында шетелдік заңды тұлғалар бизнес табысты болып, қатерлерді азайту үшін кәсіпкерліктін қай түрі қолдану керек жиі мәселенің соңына түсуде. Кәсіпкерлік нысанының бірнеше түрі бар: жеке кәсіпкерлік, жаупкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), заңды тұлғалардың филиалдары/ өкілдіктерді ашуы және акционерлік қоғам (АҚ). Бұл мақалада, кәсіпкерліктің әр-бір нысанды талқылап қараймыз, себебі Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізу мен даму негізгі аспектілер туралы өкілдіктермен филиалдар хабардар болу өте маңызды.

Заңды тұлғаның өкілдікті/филиалды ашуы

Заңды тұлғаның өкілдікті мен филиалды ашу, тіркеу мәселеге көшу алдымен өкілдік пен филиалдың терминдері мен мағынасын зерттеу керек.   ҚР Азаматтық Кодексі 43 баптың 1,2 тармақтарына сәйкес,

1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi филиал болып табылады.

2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.  
         Өкілдік өкілдіктік міндеттерді атқарады және де басты ұйымның мүддесін қорғайды.  Табыс табуға бағытталған қызметімен айналысу қарастырылған, алайда өкілдік құруының негізгі мақсат болып табылмайды. Филиал, өкілдіктік міндеттерілерден басқа, басты ұйым атқаратын қызметтің бөлігі немесе барлық түрлері іске асыралады, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрі, сонымен қатар табыс табу бағытталған қызметімен айналысу құқығы бар.  

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиал мен өкілдіктерді есеп тіркеуі келесі мақсаттарымен жүзеге асырады:

заңды тұлғаның құру, қайта құру, қызметті тоқтату, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктер қызметті құру мен қызметті тоқтату деректі куәландыру;

құрылған, қайта құрылған және қызметі тоқтатылған заңды тұлғалар, және де Қазақстан Республикасы аймағында құрылған және өз қызметі тоқтатылған филиалдардың және өкілдіктердің есебі

;

заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестр және филиалдар мен өкілдіктердің реестрің жүргізу;

заңды тұлғалар және оның филиалдары мен өкілдіктер туралы ақпаратты жүзеге асыру 

 

Қазақстанда резидент емес заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу үшін Заңның 7 бабында көрсетілген мемлекетік және орыс тілдерде үш экземплярда құрылтай құражаттарды жалғанып ҚР Әділет Міністрілігінің бекітілген формаға сәйкес арыз беріледі

Шетелдік қатысуымен заңды тұлғалар, және де олардың өкілдіктер мен филиалдарды  тіркеуі Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды тіркеуге қарастырылған тәртіппен өткізіледі. ҚР ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен басқа белгіленбесе, осы тәртіпте қарастырылған құжаттардан басқа қосымша келесі құжаттар тапсырылады:

Сауда тізіліміден ресмиленген үзінді көшірме немесе мемлекеттік және орыс тілдерде нотариалдық куәландырылған аудармамен  құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға, шетелдік мемлекеттін заңнамалығына сәйкес заңды тұлға болып табылатынынды куәландыратын  басқа ресмиленген құжат;

•   мемлекеттік және орыс тілдерде нотариалдық куәландырылған аудармамен паспорттың көшірмесі немесе құрылтайшы-шетелдік жеке тұлғаның тұлғаны растайтын басқа құжат.

Бір мезгілде тіркеуші органга шетелдік заңды тұлғаның  филиал, өкілдік, заңды тұлғаның мекен-жайы куәландыратын құжат, квитанция немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және өкілдіктер мен филиадардың есептік тіркеу үшін бюджетке мемлекеттік тіркеу үшін алымды төленгендігін растайтын құжат.  

Заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу, және де мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі алған кезде Салық Кодекске сәйкес алым өндіреді.

Өкілдік пен филиалдарды тіркеу кезінде әрқашан лицензиялаудың мәселесі ескеру талап етеді, яғни кәсіпкерліктің негізгі қызметтің түрі Қазақстан Республикасы заңнамалығына сәйкес лицензияласа кейінгіде лицензияны алу мүмкіндікті қарастыру қажет. Әлбетте, маңызды мәселелердің бірі кейінгі салық салу, Қазақстанда жергілікті салықтарды төлеуі мен салықтарды резидент емес - басты ұйым арқылы төлеуі.

Қазақстанда еншілес кәсіпорын.

ҚР бизнесті жүргізу басқа түрі еншілес кәсіпорын тіркеуі болып табылады, яғни ЖШС – құрылтайшының құрамында ҚР резидент емес- заңды тұлға, немесе ҚР резидент емес – жеке тұлға қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. ҚР заңнамалығында еншілес кәсіпорын сияқты ұйымдық-құқықтық нысан бекітілмейтінің айтып өту керек.  Алайда, шетелдік тұлғалар құрылтайшы ретінде қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркеуі кең таратылған, сонымен қатар ҚР аймағында тіркелгеннен кейін шетелдік қатысуымен тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қазақстандық ЖШС-ға теңгеріледі. Сондай ЖШС кез келген қазақстандық ЖШС-мен қатар бірдей көлемінде құқықтар мен жауапкершіліктерді қолданады, сонымен қатар төменде байандайтынымыздай арнайы салық тәртіптерді қолдануға құқығы бар.   

ЖШС, ЖШС-ні тіркеу тәртібі, салық салу, ЖШС-ні тарату

Жеке кәсіпкерлік туралы заңнамаға сәйкес, («Жеке кәсіпкерлік» Заңының 6 бабы) ЖШС-ның бәрі, соның ішінде шетелдік қатысуымен ЖШС кәсіпкерліктің шағын, орта, ірі субъект болып табыла алады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қызметкерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және бір жылдағы орташа табысы 300 000-еселік  АЕК-тен аспайтын ЖШС жатады.   

Қызметкерлерінің жылдық орташа саны 100-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын  және бір жылдағы орташа табысы 300 000-еселік АЕК-тен көп, бірақ 3 000 000- еселік АЕК-ті  аспайтын заңды тұлғалар жатады.  

Қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы орташа табысы 3 000 000-еселік  АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады.

АЕК – айлық есептік көрсеткіш – 2018 жылға 2405 теңге құрайды.

ЖШС-ні келесі тәсілдерімен тіркеуге болады:

1.  «Электронды үкімет» веб-порталда онлайн режиминде хабарлама беру арқылы (Шағын кәсіпкерліктің субъекті үшін), арыз беру арқылы (Шағын кәсіпкерліктің емес субъекті үшін); Құрылтайшның ЭСҚ – электронды саңдық қолтаңба бар болуы қажет

2. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.

ЖШС-ні тіркеу мерзімі – кәсіпкерлік қызметті атқару басталуы туралы хабарлама/арыз берген күнінен кейін бір жұмыс күннен ұзақ емес.

ЖШС-нің Жарғысы мен Құрылтай шарты (Бірнеше қатысушымен ЖШС) мемлекеттік тіркелгенде ұсынылмайды, алайда заңнамалығының талаптарына сәйкес («Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңның 13,14,17 баптары )  аталған құжаттар бар болуы қажет.

Жарғы капиталдың бастапқы көлемі:

Шағын кәсіпкерліктің субъекті болып табылатын ЖШС – жарғы капиталдың минималды көлемі нөлдік деңгеймен тұрақтанылады.

 Шағын кәсіпкерліктің субъекті емес ЖШС - 100 АЕК аз емес

7.2) ЖШС-ні тіркеу

Web-сайтты жасау, мөрді жасау, есеп-шотты ашу, салық есепке тұрғызу, кассалық аппарат, мемлекеттік сатып алуларға электронды кілт алуы, салық есептерге электронды кілт алуы, жалпыға белгіленген (20% корпоративтік салық), жеңілдетілген (айналымнан 3%), ҚҚС (айналымның сомасы жылына 30 000 АЕК көп болған жағдайда), кызметкерлерді оқыту (есепшілерді), 1С Бухгалтерия сатып алу, Кенес беру, қызмет көрсету, 1С бағдарламалау, кәсіпорынды автоматтандыру (дүкендер, дәріханалар, мейрамхпаналар, кафелер, бутиктер)

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру алгоритмі

Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың басталуынан оның толық аяқталуына дейін, кәсіпкер келесі процедуралардан өтеді:

Жер тілімін алу

Кәсіпкер өзінің жобасын таныстырып, облыс/аудан басшылығының атына инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша ниеті туралы хатты бастамашылдық еткен соң, Аймақтық үйлестіру кеңесіне талқылауға салу арқылы жобаның инвестициялық екенін мойындау үдерісі іске қосылады.

Келесі кестеде жер тіліміне мемлекеттік актты алу үшін қадамдық іс-шаралар көрсетілген.

 

Мақсат

Жауапты

Мерзім

Негіз (АҮК хаттамасы, жобаның инвестициялық екенін мойындау)

 

КИИДБ

1 ай

Мәлімдеме

Бастамашы

1 күн

Жер комиссиясы

(хаттама арқылы рәсімделеді)

Қала/аудан әкімдігі

5-30 күн

Жер проекті

 

Бастамашы

7 күн

Қла, аудан әкімінің қаулысы

Әкімдік

5-30 күн

Жер тіліміне мемлекеттік актты алу (және ХҚЕОда тіркеу)

 

ХҚЕО

7 күн

Содан соң бастамашы келесі құжаттарды алып, сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге кіріседі:

 

Мақсат

Жауапты

Мерзім

Коммуникацияларға техникалық шарттарды алу

 

Табиғи монополия субъекті

7 күн

Дозиметрлік тексерісті өткізу (қатарлас техникалық шарттарды алу)

Облыстық СЭҚ

2 күн

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тұжырымын алу (қатарлас техникалық шарттарды алу)

СЭҚ, тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімі.

15 күн

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы

Сәулет/ХҚЕО

7 күн

Содан соң жобалық құжаттамаға көшеді, орта есеппен бұл 5 ай уақыт алады.

 

 

Мақсат

Жауапты

Мерзім

Эскизді жобаны әзірлеу

Инвестор

15 күн

Облыстық қала құрылысы кеңесінен өту

Облыстық сәулет

1 ай

Эскизді жобаны бекіту

 

Аудандық сәулет

15 күн

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу (ЖСҚ)

Инвестор

10-60 күн

Мемлекеттік экспертизадан өту

(жобаға байланысты дербес экспертизаны өту мүмкіндігі бар)

Мемлекеттік сараптама/дербес сараптама

45 күн

Барлық жобалық құжаттамалар әзірленіп бекітілген соң, бастамашы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама  алып, жұмысқа кіріседі.

 

Мақсат

Жауапты

Мерзім

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама  алу

МСҚБ

3 күн

Құрылыс-монтаж жұмыстары

Бастамашы/бас мердігер

6-24 ай

Пайдалануға беру актісі

(Пайдалануға беру актісін алу)

Бастамашы

 

7.3) Екінші деңгейдегі банктар туралы мәлемет (сайттарға сілтемелер).

Екінші деңгейдегі банктар

Bank

8 (727) 259 6900

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

8 (712) 232 0303

Нұрбанк

8 (712) 220 0802

Цбо "Орталык" Нұрбанк

8 (712) 232 0964

ВТБ Банкі (Қазақстан)

8 (712) 258 6521

Еуразиялық Банкі

8 (712) 225 0581

Халық банктің филиалы

+7 800 080-00-59

Астана Банкі

Halyk Bank

+7 800 080-00-59

ForteBank Филиалы

8 (712) 245 5293

Asia Credit Bank

8 (712) 255 8061

Цбо "Каспий". Нұрбанк

8 (712) 228 0272

Сбербанк филиалы

8 (712) 258 6600

Цбо "Керемет" Нұрбанк

8 (712) 236 3458

7.4) Жауапты тұлғалардың контакт ақпараты (электронды пошта, телефон),соның ішінде «Kazakh Invest» ҰК аймақтық өкілі:

Атырау облысында «Kazakh Invest» ҰК аймақтыұ директоры Асылбеков Азамат Бисалыұлы. Тел: 87029483259, e-mail Kazakh.invest.atyrau@gmail.com

 Аймақта даму институттардың контакттары:

«Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»ҰК» АҚ

Атырау қ., Сатпаев к., 23 Б үй

Тел:87122 315877

«Даму» кәсіпкерлікті даму қоры Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы

Атырау қ., Азаттык к.,17 үй

Тел:87122 558091

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы

Атырау қ., Сатпаев к., 78 үй

Тел: 87122 777606

«Kazakh Invest» ҰК АҚ

Атырау қ., Кулманов к.

 Тел: 87029483259

«Атырау Innovations» ЖШС

Атырау қ., Студенческая к.

Тел: 87122 276203


Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018 07:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 15:22

Қаралым саны: 1171