Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.09.2020

Қызметтер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы жаңа арнайы жобалар

Новые специальные проекты в рамках программы «Рухани жаңғыру» Атырау облысы Білім беру басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әзірленген жаңа арнайы «Дәстүр мен ғұрып» және «Үнем - қоғам қуаты» жобаларын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын жасақтап, сәйкесті жұмыстар жүргізуде.

Инстаграмм бетшесінде қашықтықтан ұйымдастырылған «Atyrau_zhaz_2020» лагерьдің 2020 жылғы 3-7 тамыз аралығындағы апталығы жаңа жобаларға арналып, «Рухани жаңғыру – ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбында өтті. Парақшада қазақтың салт-дәстүрлерін сақтау және байыту бағытындағы тақырыптық түсірілімдер орналастырылып, прагматизм туралы әңгіме жүргізіледі. Парақшаға 6000 астам бала тіркелген.

Апталық барысында тақырыптар бойынша материалдарды Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының журналистика бөлімінің сыныптар шәкірттері дайындады. Қашықтықтықтан лагерьдің әр бейсенбі күні өткізілетін Кәсіптік бағдар бөлімінде Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Тәжіғалиева Алтыншаш Сағиқызының «Прагматизм» тақырыбында дәріс беріп, лекция мәтіні жарияланды.

Новые специальные проекты в рамках программы «Рухани жаңғыру» Новые специальные проекты в рамках программы «Рухани жаңғыру»

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2020 09:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 09:45

Қаралым саны: 152