Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Жаңалықтар

2020 жылғы 23 шілдеде «Тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын жайларды белгілеу туралы» Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын жайлардың тізімдері БАҚ және облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.


Жаңалықтар2020 жылдың 14 шілдесінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі» онлайн-брифинг өткізді.

Атырау өңірінен ұсынылған кандидаттардың біреуі облыстық мәслихатпен, төртеуі өзін-өзі ұсынылған азаматтар. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсынылғандардың арасында өндіріс, темір жол, әуежай байланысы және білім саласының қызметкерлері бар. Нақты мамандықтарына айтар болсақ, 2-уі - экономист, 1 заңгер, 1 психолог, 1 теміржол саласының мамандары. Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің орташа жасы - 52-де, ал ең жасы - 44-те.

 

Жаңалықтар Жаңалықтар

 

 

 

 

 

 


2020 жылдың 13 шілдесінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Арыстан Серік Бисешұлының өз кандидатурасын тіркеуден алып тастау туралы түскен өтінішін қарап және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 74 - бабы, 3 – тармағына сәйкес 2020 жылғы 24 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы» Шешімінің күшін жойды.


2020 жылдың 11 шілдесінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Қарабаева Айжан Сарсеновнаның өз кандидатурасын тіркеуден алып тастау туралы түскен өтінішін қарап және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 74 - бабы, 3 – тармағына сәйкес 2020 жылғы 25 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы» Шешімінің күшін жойды.


2020 жылғы 7 шілдеде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Айманакумов «Аtyrau» облыстық телеарнасының «Өзекті мәселе» бағдарламасына қатысып, ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауын ұйымдастыру мен өткізу барысы туралы онлайн сұхбат берді.


2020 жылғы 3 шілде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста «2020 жылғы 12 тамыз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктте тәртіп ережелерін бекіту туралы» мәселе қаралды.


2020 жылғы 2 шілдеде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Айманакумовпен «Аtyrau radiosy» және «Аtyrau» облыстық телеарнасында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын Атырау облысында ұйымдастыру және өткізу тақырыбында тікелей эфирде сұхбаты өтті. Тікелей эфир барысында өңір тұрғындарынан сайлау процедураларына қатысты түскен сұрақтарға жауаптар берілді.


2020 жылғы 1 шілдеде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Айманакумовтың «Аtyrau» облыстық телеарнасында сайлау кампаниясының барысы және таңдаушылар-мәслихат депутаттарының ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауындағы міндеттері туралы сұхбаты болды.


Мақаланың шыққан күні: 02.07.2020 18:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2020 15:39

Қаралым саны: 753