Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

«Қаржыны басқаруда жемқорлыққа жол жоқ»

16.03.2016

Мемлекет басшысы 2015 жылы 6 мамырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институттық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадамды» белгіледі. Ондағы негізгі мәселелер мемлекеттік қызметшінің ынтасы мен кәсіби деңгейін арттыра отырып, оған жүктелген кез-келген міндеттемелерді жүзеге асыруда оңтайлы шешім қабылдауға жол ашады. Бұл әкімшілік реформалар мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған.

Атырау облысы Қаржы басқармасының қызметі - бюджетті сапалы орындау, бюджеттік заңнама аясында бюджеттің кірістері мен шығыстарының есептілігін қалыптастыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, қаржының уақытында игерілуіне мониторинг жасау болып табылады.

Қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелер бөлінісінде «Парус Бюджеттік қаржыландыру» бағадарламалық өнімі арқылы жүргізіліп, қазынашылыққа электронды түрде ұсынылады. Мемлекеттік мекемелер кассалық – есеп айырысу қызметін қазынашылық жүйесіне электронды түрде жүзеге асыруда, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде қаржылық құжаттарды өңдеуді қысқарту мемлекеттік мекемелерге жұмыстар мен қызметтер көрсететін іс жүзіндегі секторға қысқа мерзімде қаржы операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазынашылық қаржы органдарын бюджеттік сыныптаманың шығыс кодтары бойынша, ерекшеліктер құрылымы және облыс бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы күнделікті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыр.

Аталған қызметтердің электронды түрде көрсетілуі қаржыны жедел басқаруға мүмкіндік беріп отыр, сондай-ақ Үкімет тарапынан жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалып отырған шаралардің бірі деуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің мәтіні баршаға көрінетін жерде орналастырылды.

Облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде тоқсан сайын Атырау облысы Қаржы басқармасының сенім телефондары және жауапты қызметкерлерінің аты жөні жариялануда.

Қаржы басқармасы тұрақты жоспарға сай облыстық прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы департаментімен бірлесіп, ауызша әңгімелер, лекциялар оқылып тұрады.

Азаматтардан түскен арыз шағымдардың да дер кезінде қаралуы қамтамасыз етілуде, азаматтардың арыз-шағымдары үшін жәшіктер орналастырылған.

Бүгінде Қаржы басқармасы мемлекеттік қаржыны жедел басқарудың, барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процесін үйлестіруші болып табылады. Бұл әрине, білімді, өз істерін жақсы білетін қаржы қызметкерлерінің және жергілікті бюджетті атқаруда тиімді басқаруды қамтамасыз етудің арқасында жүзеге асып отыр. Сөйтіп, бюджет саласында жемқорлыққа жол берілмеуі тұрақты қадағаланады.

Ш. M. ЕЛЕУСИНОВА
Атырау облысы
Қаржы басқармасы
басшысының орынбасары


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 18:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 18:44