Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданған. Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Жем ауылдық округі бойынша 2019 жылдың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан 85 өтініш түсіп, қанағаттандырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт – насихат жұмыстары орналастырылып, «Атырау – адалдық алаңы» және «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстары халық арасында кеңінен насихатталды. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында жастардың қатысуымен кітап көрмесі және қызметкерлердің қатысумен «Адалдық сағаты» өткізілді. Аталған тақырыпта бұқаралық ақпарат құралына және интернет ресурсқа мақалалар жарияланды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілері болған жоқ.

2020 жылдың қаңтар айында жеке тұлғалардан 12 өтініш келіп түсіп, оларға заң талаптарына сай жауаптар беріліп, тиісті органдарға жолдануда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

 

Б.Кариев

Жем ауылдық округі әкімі


Мақаланың шыққан күні: 06.02.2020 12:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2020 12:32

Қаралым саны: 99