Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.09.2020

Қызметтер

"Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру – заман талабы" тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар

Научно-методический семинар на тему "Переход на латинскую графику – веление времени"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды Атырау облысы Білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев жүргізді.

Семинар жұмысына Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Болат Жексенғалиев, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сандыбай Боранбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Съезд Ақымбек, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мамаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Сәдуақас, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіт Исхан, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, көптілді дайындық кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Абдрахманова қатысты.

Семинар барысында латын алфавитіне көшудің тиімді тұстары бойынша әңгіме өрбіді.

Семинарға тыңдаушы ретінде қатысқан қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдеріне, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдеріне сертификат тапсырылды.

Научно-методический семинар на тему "Переход на латинскую графику – веление времени"

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.06.2018 07:47

Қаралым саны: 1662