2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.

Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында ауылдық округ аппаратында ауылдық мекеме басшыларымен, аппараттың қызметкерлерімен жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әр түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары белсенділікпен атсалысты. Шара алға қарай өз жалғасын табады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек.

 

Қалиева Расима Жұмабайқызы

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 02:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 02:48

Қаралым саны: 1188