Array Мадақтамалар | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Мадақтамалар

Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары жемісті мемлкеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметі, еңбектегі және жауынгерлік ерліктері үшін, олардың Республикаға сіңірген еңбегінің  танылуының белгісі ретінде мемлекеттік наградалармен наградталады.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың да наградталуы мүмкін.
Мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар түрлері:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері:
«Алтын Қыран» ордені
«Халық қаhарманы» Алтын жұлдызы
«Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы
Ордендер:
«Отан»
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев»
I дәрежелі «Барыс»
II дәрежелі «Барыс»
III дәрежелі «Барыс»
I дәрежелі «Даңқ»
II дәрежелі «Даңқ»
I дәрежелі «Айбын»
II дәрежелі «Айбын»
III дәрежелі «Айбын»
«Парасат»
I дәрежелі «Достық»
II дәрежелі «Достық»
«Құрмет»
Алқалар:
«Алтын алқа»
«Күмiс алқа»
Медальдар:
«Ерлiгi үшiн»
«Жауынгерлiк ерлiгi үшiн»
«Ерен еңбегi үшiн»
«Шапағат»
Омырауға тағатын белгілер:  
«Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері»
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

Наградтауларды  алдын ала қарап, қазақстан Республикасы Президентіне ұсыныстар әзірлеу үшін облыс әкімі жанынан мемлекеттік наградалар жөніндегі Комиссия құрылды.
Комиссияның наградтау жөніндегі өтінімдерді қарау нәтижелері туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады.
Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөніндегі шешіміне азаматтардың арыздары мен өтініштері қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлықтары «Қазақстан Республикасының президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында», республикалық және жергілікті баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледі.


Мақаланың шыққан күні:: 26.01.2016 16:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.01.2016 16:31