Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ. 2017 жылғы 2 маусым

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы).

Байқауға өтінімдер www.natd.gov.kz ресми сайтында қабылдануда.

Биылғы жылы жалпы жүлде қоры 11 млн.теңгеге дейін ұлғайып отыр. Байқау келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік инновациялық өңір»/«Үздік инновациялық белсенді өңір». Сондай-ақ, биыл журналистер арасындағы байқау қайта өткізілетін болады.

«Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясына 8-11 сынып оқушылары және колледжде оқитын 1-2 курс студенттері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер ғылым, технология, инженерия немесе математика (STEM) салаларындағы жоба туралы 2,5 минуттан аспайтын видео түсіріп, YouTube порталына жүктеп, сайтқа онлайн өтінім жолдау кезінде сілтемесін көрсету керек.

«Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады.

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпазы 1,5 млн.теңгені құрайтын бас жүлдеге ие болады, жүлдегерлер (2 және 3 орын) 1 млн.теңге және 700 мың теңгеден алады.

Аталмыш номинация бойынша 25 жасқа дейінгі ЖОО студенттері (өтінім беру кезінде) қатыса алады.

Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі. Номинацияның негізгі мақсаты – өнертабыстық қозғалысты насихаттау және қолдау, шығармашылық міндеттерді атқарған кезде өнертапқыштардың шығармашылық әлеуеті мен Қазақстанның әр түрлі кәсіпорындарында тиімді өндірісті ынталандыру.

Жүлде қоры 5 млн. теңгені құрайтын болады: 1 орын үшін – 2,5 млн. теңге; 2 орын үшін – 1,5 млн. теңге; 3 орын үшін – 1 млн. теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, БАҚ өкілдері арасында инновация тақырыбындағы үздік журналистік материалдар байқауы ұйымдастырылады. Бұл номинацияда келесі аталымдар бойынша үздіктер анықталатын болады:

«Мерзімді басылымдағы үздік материал»;

«Үздік радиоматериал»;

«Үздік телевизиялық сюжет»;

«Үздік интернет-материал».

Сондай-ақ, 1 миллион теңге* сомасында бас жүлде тағайындалды.

Байқауға 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2017 жылғы 30 қыркүйек аралығында БАҚ-та жарияланған/орналастырылған телесюжеттер, радиоматериалдар, жарияланымдар қатыстырылады.

Журналистерге арналған номинациясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2,3 орындар) 300 мың теңгеден, 200 және 100 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болады.

Байқау аясында «Үздік инновациялық өңір»/«Үздік инновациялық белсенді өңір» анықталып, жеңімпаз өңір арнайы статуэтка мен ҚР Инвестициялар және даму министрінің дипломымен марапатталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы үздік инновациялық белсенді өңір ретінде жылдан жылға тапсырылатын статуэтка иегері болып табылады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2017 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылатын болады.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.

ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің
баспасөз қызметі
+77172 57 10 14 (245)
+7701 328 38 98


Мақаланың шыққан күні:: 03.07.2017 08:50
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.07.2017 08:50