Array Ұлттық кластер кластерлік топтар бойынша жүргізіледі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Ұлттық кластер кластерлік топтар бойынша жүргізіледі

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында «... 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына ену» мақсаты қойылған. Қазақстанның бәсекелестігін арттыру үшін ең тиімді механизм ұлттық кластерлерді құру және дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында Ұлттық кластерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі қарастырылады.
Атырау облысында Ұлттық кластер мынандай кластерлік топтар бойынша жүргізіледі:
1) Геологиялық барлау;
2) Өндіру технологиясы;
3) Мұнайды өңдеу және мұнайгаз – химиясы;
4) Мұнайгаз саласында машина жасау;
5) Мұнай саласы үшін сервистік көрсетілетін қызметтер.
Ұлттық кластерді дамыту Стратегиясы мен Жол картасын әзірлеу
мақсатында Атырау облысына 28-29 мамыр аралығында Жұмыс тобы кластердің жұмыс істеуі негізін түсіндіру үшін семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске қатысушылар арасынан Ұлттық кластердің тұжырымдамасын әзірлеуге бағытталған инициативті-үйлестіруші тобын құру бойынша Мұнай және газды өндіру және өңдеу, мұнайгаз-химия, олармен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік қызмет көрсету бойынша Ұлттық кластерін дамыту бойынша инициативті-үйлестіруші топтың құрамын: облыстық әкімдік, ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы» Акционерлік қоғамы, жоғары оқу орындарының өкілдерінен құруға ұсынылды.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:38