Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Ұлттық Жол картасы

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі

инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі

ұлттық жол картасын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығын іске асыру мақсатында 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұлттық жол 
картасы (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі 
ұйымдар:

1)       Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдасын;

2)       жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат 
берсін.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар 
министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         С. Ахметов

 


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:39