Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Атырау облысында инвесторлардан шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы және ветеринария Атырау облысында инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталғандығы туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегіжаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылдың 28 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілгенАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қаралады.

2017 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қ-сы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23 және аудандардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО).

Анықтама алу үшін байланыс телефондары 8 (7122) 35-45-91, 30-83-15.


Мақаланың шыққан күні: 26.03.2018 04:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.05.2018 16:43

Қаралым саны: 1255