Array Атырау облысында инвесторлардан шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер қабылдау басталды | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Атырау облысында инвесторлардан шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер қабылдау басталды

«Қазагромаркетинг» АҚ Атырау облысында инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер қабылдайтынытуралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегіжаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылдың 07 тамыздағы №9-3/726 бұйрығымен бекітілгенАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін қаралады.

2016 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қ-сы, Ауезова 56а, офис 2.

Анықтама алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның 8 (7122) 45 19 30 және 8 800 080 70 80 нөмірлері (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бойынша сall-орталыққа хабарласуға болады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:17